Депутат Ермұрат Бәпи қоғамда қызу талқы тудырған мәлімдемесін Facebook парақшасында жариялады.
Ол Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділеріне қатысты әділетсіздікке назар аударып, құқық қорғау органдарының әрекетін сынға алды. Бәпи өз жазбасында Әсем Жәпішеваға қатысты сот шешімін заңсыз деп атап, оны босатуды талап етті.
«Сатира — қылмыс емес! Соңғы 3-4 жылдың ішінде бейкүнә жүрген “Оянды” кім оятты? Бас жарып, көз шығармаған жастардың ендігі зығырданын тудырған оқ полиция, прокуратура мен соттың көксегені не? Елде теңселіс тудыру ма? Айналып келгенде, қоғамның наразылығы бұл үшеуіне емес, бірінші кезекте ел президентіне тиетінін бұлар білмей отырған жоқ! Ендеше, далбаса даңғойлықты доғарып, прокурордың протестімен заңсыз сот шешімін бұзып, Әсемді абақтыдан шығару қажет!» – деп жазды депутат.