Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Лондонда өткен саммитте Украинаға Еуропалық қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесінің жан-жақты талқыланғанын мәлімдеді.Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды.
«Украинаны саяси және қару-жарақпен қолдауды тоқтатпауға, керісінше, оны одан әрі күшейтуге келістік. Біз кез келген жаман сценарийге дайын болуымыз керек», – деді фон дер Ляйен.
Бұл мәлімдеме Украинаға көрсетілетін әскери және экономикалық көмектің жалғасатынын және Еуропаның аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударатынын көрсетеді.