Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің несиелік жүктемесін азайту және қаржылық жағдайын жеңілдету үшін бірнеше маңызды ұсыныс жасады. Ол зейнеткерлердің қарыздарын кешіру, зейнетақыны кіріс ретінде есептемеу, сондай-ақ банкрот деп тану тәртібін жеңілдету мәселелерін көтерді.Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды.
- Зейнеткерлердің қарызын кешіру және оларды банкрот деп тану процесін жеңілдету;
- Зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босату және әділет органдарындағы берешек мәселесін реттеу;
- Екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» арқылы әлеуметтік қорғалған есепшоттар ашу.
Егер ұсыныстар қабылданса, зейнеткерлердің қаржылық тұрақтылығы артып, несиелік ауыртпалығы азаяды. Сонымен қатар, зейнетақы төлемдері толықтай әлеуметтік мақсатта пайдаланылып, қарыздық дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады.
Бұл бастамалар зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын арттырып, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді бұл ұсыныстарды тиісті органдар қарайтын болады.