2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер мен жас ғалымдардың стипендиясы едәуір ұлғаяды. Бұл шешім білім алушыларды қолдауды күшейтіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат етеді.
Жаңа стипендия көлемдері:
Бакалавриат: 52 372 теңгеге дейін;
Педагогикалық және медициналық мамандықтар: 84 000 теңгеге дейін;
Магистратура: 117 098 теңге;
Докторантура: 262 500 теңге;
Интернатура: 94 862 теңге;
Резидентура: 134 664 теңге.