Келес ауданында жасөспірім қыздың жүкті болып қалғаны анықталды. Оқиғаға байланысты 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды.
Қыздың анасы қызының дене өзгерісін байқап, дәрігерге қаратуға апарған. Тексеру барысында жүктілік расталып, содан кейін оқушы анасына болған жайтты баяндаған. Оның айтуынша, күдікті оның үйде жалғыз қалған сәтін пайдаланып, қорқытып, өз дегенін жасаған.
Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің көршісінің үйіне жиі келіп жүргені, сондай-ақ оның екі баласы бар екені және қара жұмыспен айналысқаны белгілі болды.
Қазіргі таңда полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қатаң жаза қарастырылған.
Бұл оқиға – қыз балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-аналардың қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Ата-аналар балаларының кіммен араласатынын, қайда жүргенін үнемі қадағалап, олардың психологиялық жай-күйіне мән беруі қажет. Қоғамда осындай ауыр жағдайлардың алдын алу үшін:
Балалармен ашық сөйлесіп, кез келген күмәнді жағдай туралы қорықпай айтуға үйрету.Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру – бейтаныс адамдардан сақ болу, күдікті әрекеттерге қарсы өзін қалай қорғау керектігін үйрету.Қыз балалардың құқықтарын білуі және өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру
Бұл жағдай балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту, ата-аналар мен қоғамның жауапкершілігін арттыру қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдеді.