Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың президенті Дональд Трамптан кешірім сұрау қажеттігі туралы мәселе көтерілгенде, өзінің ұстанымын ашық жеткізді. Ол америкалықтарды құрметтейтінін, алайда Украина тарапынан ешқандай қателік болмағанына сенімді екенін мәлімдеді.Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды.
«Мен АҚШ президентін және америкалықтарды сыйлаймын. Бірақ біз шыншыл болуымыз керек. Мен біздің жаман ештеңе жасамағанымызға сенімдімін. Кейбір мәселелерді БАҚ назарынан тыс, жеке талқылау қажет деп есептеймін», – деді Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол АҚШ пен Украина арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, халықтар арасындағы достық байланыстың сақталатынына сенетінін білдірді.
«Бұл тек президенттер арасындағы байланыс емес, бұл – халықтар арасындағы қарым-қатынас. Біз Америка халқына әрдайым ризашылығымызды білдіреміз», – деп түйіндеді Украина басшысы.
Зеленскийдің бұл мәлімдемесі АҚШ-тың саяси сахнасында түрлі пікірлер тудырды. Алдағы уақытта Украина мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қалай дамитыны – уақыт еншісінде.