Сурет: sozmedia.kz
«Жабық бас-ми жарақаты» Семейде бір топ жасөспірімнің соққысына ұшыраған баланың қазіргі жағдайын дәрігерлер айтып берді,-деп хабарлайды Ushqyn.kz.
Семей қаласында соққыға жығылған 6-сынып оқушысына дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. 2013 жылы туған бала жабық бас-ми жарақатын алған, сондай-ақ денесінде, әсіресе басы мен аяқтарында көптеген гематомалар анықталған.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Дәрігерлер оны толық тексерістен өткізіп, өміріне қауіп жоқ екенін растады. Қазіргі таңда ол педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. Сонымен қатар балаға психологиялық көмек көрсетілуде.
Бұл оқиға балалардың қауіпсіздігі мен мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шараларды қабылдауы тиіс.