Семей қаласында қатыгездікке ұшыраған балаға бүкіл Қазақстан болып көмек қолын созды. Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Солтабаеваның мәліметінше, баланың жағдайы жіті бақылауда, оған медициналық, психологиялық және заңдық қолдау көрсетілуде.Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды.
Қайырымды жандардың көмегімен баланың әпкесінің есепшотына 24 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат оның болашағын қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға жұмсалмақ.
Қоғамның бұл әрекеті зорлық-зомбылыққа қарсы ортақ күрестің жарқын мысалына айналды. Қазақстандықтар қиын жағдайға тап болған балаға жанашырлық танытып, оның өмірін жақсартуға өз үлестерін қосты.