Фотоколлаж: Ushqyn.kz
Берденовке жасалған оқ атумен аяқталған атыс оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бірақ қалалық билік әлі күнге дейін ашық әрі нақты жауап беруге асығар емес. Шымкент әкімінің үнсіздігі неге созылып кетті?
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдегендей, оқиға сәтінде әкім мен оның орынбасарлары қызмет орнында болған. Атыс дыбысынан кейін шенеуніктер сыртқа жүгіріп шыққан, ал Берденов жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған. Ресми мәліметке сенсек, қала басшысы мен оның орынбасарлары түнгі сағат 2-ге дейін аурухана жанында жүрген.
Алайда бұл шын жанашырлық па, әлде көпшілік алдындағы «рөл ойыны» ма — белгісіз. Құранбек оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартып, полицияның ресми ақпаратына сілтеме жасап отыр. Ал әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттарға сенуге болмайды дейді. Бірақ билік тарапынан нақты жауап болмағандықтан, қауесетке сенуден басқа амал бар ма?
Құранбектің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған Ернар Жиенбайдың психоэмоциялық жағдайы тұрақсыз болып, психотроптық заттардың ықпалына түскен болуы мүмкін. Бұл — жеке адамның мәселесі ме, әлде жүйелі бақылаудың осалдығы ма? Егер қала ішінде есі дұрыс емес адам еркін жүріп, шенеунікке дейін шабуылдай алса, онда қоғам мен қауіпсіздік жүйесінің әлсіздігі туралы үндемеу — қылмысқа пара-пар.
Әкім неге үнсіз? Қоғам тек жауабы бар сұрақ күтпейді. Ол ашықтық пен жауапкершілік күтеді. Ал үнсіздік көбінесе …