Трамп Ресейге қатаң банктік санкциялар салу мүмкіндігін қарастырып жатыр,деп хабарлайды Ushqyn.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қатаң банктік санкциялар мен тарифтер енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады.
Президенттің айтуынша, Украинадағы қақтығыс шиеленісіп барады, сондықтан жағдайды бейбіт түрде реттеу қажет. Ол Мәскеу мен Киевті келіссөз үстеліне отыруға шақырып, егер тараптар мәмілеге келмесе, қатаң экономикалық шаралар қолданылатынын ескертті.
«Ресей мен Украина тез арада бейбіт шешім табуы керек. Әйтпесе, салдары ауыр болуы мүмкін», – деп жазды Трамп.
Бұл мәлімдеме халықаралық аренада үлкен резонанс тудырды. Сарапшылардың пікірінше, егер АҚШ шынымен де жаңа санкциялар енгізсе, бұл Ресейдің қаржы жүйесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.