Ushqyn.kz – ғаламтор желісіндегі қоғамдық-саяси бағыттағы республикалық желілік басылым. Бұл – қазақ тілді оқырмандарға еліміз бен әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды мәтін, сурет және бейнекөрініс арқылы жеткізетін ақпарат көзі. Сондай-ақ, қазақ дәстүрі, мәдениеті, тарихы туралы мазмұнды материалдар шығарып, қоғамға қажетті пайдалы кеңестер мен әлеуметтік, экономикалық және саяси тақырыптарды көтереді.
Басылым тәуелсіз болғандықтан, оқырмандарға шынайы, жан-жақты ақпарат ұсынуға бағытталған. Ushqyn.kz – ұлт руханиятына қызмет ететін және ақпараттық заманда оқырман санасын жаңартуға үлес қосатын ерекше желілік басылымы 2024 жылдың 13 желтоқсан айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ43VPY00108089 куәлігімен тіркелген.
Ushqyn.kz сайтының қолдану шарттары
1. Жалпы ережелер
Осы шарттар (бұдан әрі – «Шарттар») сайтты пайдаланудың негізгі ережелерін белгілейді. Сайтқа кіріп, оны пайдалану арқылы сіз осы Шарттармен келісесіз. Егер келіспесеңіз, сайтты пайдаланбауыңызды сұраймыз.
2. Ақпараттарды пайдалану
- Құқықтар: Сайтта орналастырылған басқа сілтемелердегі мәтіндік, графикалық, фото және бейнематериалдардың құқық иесі – сол дереккөз сайттары. Мұндай материалдарға қатысты барлық сұрақтар түпкі ақпарат көзіне жолдануы тиіс.
- Материалдарды пайдалану: Ushqyn.kz сайтындағы материалдарды қайта жариялау тек сайт бренді көрсетіліп, гиперсілтеме бірінші абзацта берілген жағдайда рұқсат етіледі.
3. Қолданушылардың құқықтары мен міндеттері
- Сайттағы ақпаратты оқу, көру, бөлісу және коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану.
- Коммерциялық мақсатта көшіру, тарату немесе өзгерту сайт әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
- Сайтқа зиян келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынады.
4. Әкімшіліктің құқықтары мен міндеттері
- Қолданушыларға сапалы қызмет көрсету.
- Кез келген уақытта сайт мазмұнын өзгерту, толықтыру немесе жою.
- Ережелерді бұзған жағдайда қолданушыға қолжетімділікті шектеу немесе бұғаттау.
5. Жауапкершіліктен бас тарту
Сайттағы ақпарат тек ақпараттық мақсатта ұсынылады. Әкімшілік материалдардың толықтығы мен дұрыстығына кепілдік бермейді және кез келген қателік үшін жауапты болмайды. Қажет жағдайда материалдарды қайта басып, толықтырып немесе түзетіп жариялай алады.
6. Жеке мәліметтерді қорғау
Сайт қолданушылардың жеке мәліметтерін құпия сақтауға міндетті. Жеке деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделеді.
7. Өзгерістер енгізу
Әкімшілік бұл Шарттарды кез келген уақытта өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
8. Байланыс
Шарттар бойынша сұрақтарыңыз болса, сайт әкімшілігіне хабарласыңыз:
Email: ushqyn.media@gmail.com