Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған «Қалаулым» бағдарламасынан танылған Бердах Бекетов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» айыбы бойынша сотталды.
2022 жылдың 22 қаңтарында полиция оны көшеден ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Тергеу кезінде үш рет хат жазып, азаптауға ұшырағанын айтып, көмек сұраған.