Семейде 6-сынып оқушысын қорлаған жоғарғы сынып оқкшыларының ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды.
Семей қаласында жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиға орын алды. Бір топ жоғарғы сынып оқушылары өздерінен төмен cынып оқитын оқушыны аяусыз соққыға жығып, оны еркінен тыс мүшеқап үрлетіп,мазақ етіп түсірген бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен дүрбелең туғызды.
Бұл жағдай ата-аналар мен қоғамның ашу-ызасын туғызды. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар балалар арасындағы әлімжеттікке қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін көтерді.
Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан кейін жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап, қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда Семей қаласының білім басқармасы мен психологтар жәбір көрген балаға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.