АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Украинаға қатысты өз ұстанымын ашық білдірді. Ол Киевтің соғысты аяқтау туралы шешім қабылдауы қажет екенін айтып, егер бұл орындалмаса, Вашингтонның қолдауы әлсіреуі мүмкін екенін меңзеді.Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды.
«Олар не соғысты тоқтатады, не өздері шешім қабылдайды. Біз бұл мәселеде шексіз көмек көрсете алмаймыз», – деді Трамп.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен әріптестік байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол елінің Америка халқын құрметтейтінін жеткізгенімен, Украина өз ұстанымын өзгертуге дайын емес екенін білдірді.
«Мен АҚШ президентін және америкалықтарды сыйлаймын. Алайда біздің қандай да бір қателік жасағанымызға сенімді емеспін. Кейбір мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарынан тыс талқылау қажет деп санаймын», – деді Зеленский.
Бұған қоса, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Вашингтонның Украинаға көмек көрсету саясатына қатысты жаңа мәлімдеме жасады.
«АҚШ алыс елдердегі қақтығыстарға қаржы бөлуге дайын емес», – деп мәлімдеді ол.
Бұл мәлімдемелер АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсету саясаты өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді. Алдағы уақытта Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынас қалай дамитыны белгісіз.