Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің ақ халаттылары өздерінің жоғары кәсібилігімен және науқастарға деген ерекше қамқорлығымен үлкен алғысқа ие болуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінен емделуге келген науқастар аталған бөлімнің меңгерушісі Абай Амантайұлы бастаған Азамат, Зайниддин, Марат және Батыр есімді білікті қызметкерлердің еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Емделушілердің айтуынша, Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирургия бөліміндегі мамандар әрбір пациентке ерекше көңіл бөліп, сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Отадан кейінгі оңалту кезеңі дәрігерлердің ұқыпты бақылауымен өтіп, науқастар тез сауығып кетуде.

«Біз Түркістанға еліміздің әр аймағынан емделуге келдік. Мұндағы дәрігерлер өз ісінің нағыз шеберлері екенін көрсетті. Олар тек кәсіби көмек қана емес, моральдық қолдау да көрсетті. Осындай білікті және жанашыр мамандарға алғысымыз шексіз!» – дейді емделушілердің бірі.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің ұжымы медицина саласындағы жаңашылдықтарды ұстана отырып, әр пациентке сапалы көмек көрсету жолында еңбек етуде. Олардың адам өміріне деген жауапкершілігі мен жанашырлығы көптеген науқастарға үміт сыйлап, сауығып кетулеріне ықпал етуде.

Бұл бөлімге жүгінген ем алушылар мұндағы дәрігерлердің біліктілігіне көз жеткізіп, олардың еңбегін жоғары бағалап отыр. Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирургия бөлімі сапалы медициналық қызмет көрсететін, емделушілердің сеніміне ие мекеме ретінде танылуда.