Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) экс-президенті Әділет Барменқұлов пен бірқатар бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) ресми түрде растады.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, ҚФФ-ның бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта нақты қандай айыптар тағылғаны немесе қандай істер қаралып жатқаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Футбол саласындағы мәселе
Қазақстан футболының даму деңгейі мен қаржылық ашықтығы бұған дейін де сынға алынған еді. Федерация басшылығындағы өзгерістер мен осы тексерулер ел футболының болашағына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.