Сурет: Ашық дереккөз
ҰҚШҰ (ОДКБ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымына берген сұхбатында Еуропа әскері Украинаға енген жағдайда, ұйымға мүше елдер Ресейге көмек көрсетуге дайын екенін меңзеді.
«Мұндай қауіп туындаған жағдайда, ОДКБ ұйым жарғылық құжаттарына сәйкес әрекет етеді. Барлық мүше мемлекеттер мақұлдаған көмектің түрлі нұсқалары қарастырылады», – деді ол.
Алайда кейінірек ОДКБ-ның ресми өкілі Наталья Харитонова бұл мәлімдемеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, Батыс күштерінің Украинаға кіруі аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтырып, жаңа қауіп-қатер тудыруы мүмкін.
«ОДКБ көмек сұраған мемлекетке қолдау көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсына алады. Бірақ мұндай көмек тек мүше елдің ресми сұранысы мен ұйым ішіндегі ұжымдық шешімге байланысты жүзеге асады», – деп мәлімдеді Харитонова.
Бұл мәлімдемелер халықаралық қауымдастықтың назарын аударды, себебі Украинадағы қақтығыстың ауқымы ұлғаюы мүмкін деген қауіп бар.