Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ ұлына қатысты даудан кейін отставкаға кетті. Бұл шешім ел ішінде толқуларға ұласқан қоғамдық қысымнан кейін қабылданды.Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды
Даудың басталуына премьердің 23 жастағы ұлының әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттері мен қалыңдығына миллиондаған тұратын сыйлық жасағаны себеп болды. Бұл жайт халық арасында «мұндай байлыққа қалай қол жеткізді?» деген күдік пен ашу тудырды. Қоғам премьердің отбасының табыс көздері мен мүлкі туралы ашық ақпарат талап етті.
Осыдан кейін Ұланбатырда жемқорлыққа қарсы наразылық акциялары күшейіп, шерушілер әділеттілік пен саяси тазалықты талап етті. Deutsche Welle дерегінше, акциялар барысында «таза саясат» пен «әділ үкімет» ұрандары көтерілді.
Қоғамдық қысым Моңғолия Парламентінің премьерге сенімсіздік вотумын жариялауына алып келді. Нәтижесінде Оюун-Эрдэнэ төрт жылдық басқарудан кейін отставкасын жариялады.
Оюун-Эрдэнэ билікте болған жылдары цифрландыру, инвестиция тарту және экономикалық реформаларды қолға алғанымен, бұл шаралар көлеңкесінде туыстарына қатысты күмәнді әрекеттер мен жемқорлық айыптаулары оның беделін әлсіретті.
Саясаттанушылар бұл отставканы елдегі ашық басқаруға бағытталған қоғамдық сұраныстың артқанын көрсететін маңызды кезең ретінде бағалап отыр.
