Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің үлкен қызы Саида Мирзиёеваны Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды.
Аталған лауазым 2023 жылы таратылған еді, алайда енді қайта қалпына келтіріліп отыр. Соңғы екі жылда Саида Мирзиёева мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарып, басқару процестеріне белсенді араласты. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде Өзбекстанды таныстыру миссиясымен шет елдерге сапарлап, бірқатар мемлекет басшыларымен, соның ішінде Қазақстан президентімен кездесулер өткізген.
Саяси сарапшылар Саида Мирзиёеваны президенттің ықтимал мұрагері ретінде атай бастаған. Бұл тағайындау Өзбекстандағы билік сабақтастығы туралы жаңа болжамдарды күшейтіп отыр.
