АҚШ-тың Техас штатында орын алған жойқын су тасқыны салдарынан 68 адам көз жұмды. Жергілікті билік таратқан ақпаратқа сәйкес, Керр графтығында қаза тапқандар саны 59 адамға жеткен. Қалған 9 адам көршілес аудандарда мерт болғаны нақтыланды.
Су тасқыны кезінде христиан жазғы лагерінде демалып жатқан қыз балалар да із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Соңғы мәлімет бойынша, іздеуде жүрген балалар саны 27-ден 11-ге азайған. Құтқару қызметтері мен еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Апат ауқымын ескеріп, АҚШ президенті Дональд Трамп Техас штатында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда зардап шеккен аймақтарда шұғыл көмек көрсету, эвакуация және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
