Сурет: Ашық дереккөз
Жайдарман арқылы танылып, кейін блогер ретінде танымал болған Мереке Қалбаева Instagram парақшасында ажырасу тақырыбында ашық пікір білдірді. Ол ер адамның табысқа жеткеннен кейінгі мінез-құлқындағы өзгерістерге тоқталып, өз басынан өткен ауыр кезеңдерді сипаттады.
— Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу — өте ауыр, өте қиын. Сенген адамыңнан қолдау көрмеу — екі есе соққы. «Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы 25 қатыныңа сенбе» деген мақалмен келіспеймін. Керісінше, әйел ері үшін соңына дейін барады. Барында да, жоқтығында да ерінің жанында болады. Ал кейбір еркектер қолына 1-2 тиын түссе, әйелін менсінбей, тастап кетіп жатады немесе көзіне шөп салады, — деп жазды Қалбаева.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызып, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Көптеген әйелдер Мерекенің сөзін шындыққа баласа, ерлер жағы да түрлі пікір білдірді.
