2026 жылғы 25 қыркүйекте «Таным» көпфункционалды кешенінде Showcase Art&Science by PRO.NRG FEST өтеді.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Астанадағы «Таным» көпфункционалды кешенінде зарттеу жобаларына арналған Showcase Art&Science by PRO.NRG FEST — ғылым, өнер және зерттеу жобалары тоғысатын бір күндік іс-шара өтеді. Осы күні Impact Challenge 2026: Су ресурстары ұлттық ғылыми жобалар байқауының ашық финалы, Art & Science of Water гранттық бағдарламасының көрмесі және Қазақстанның су ресурстарына арналған National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі өтеді.

Showcase Art&Science су тақырыбын үш бағытта қарастырады: мектеп зерттеулері, заманауи өнер және деректі фотография. Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы және оны жақсарту жолдары — осы үш бағытты біріктіретін ортақ тақырып. Деректі фотография мәселенің ауқымын көрсетеді, мектеп жобалары нақты шешімдер ұсынады, ал көркем жұмыстар су тақырыбын өнер арқылы пайымдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше бағыттан тұрады. Impact Challenge 2026 — ұлттық финал. Онда Қазақстанның мемлекеттік мектептерінің 8–11-сынып оқушыларынан құралған, финалға шыққан 10 команда өз ғылыми-зерттеу жобаларын қазылар алқасы мен көрермендер алдында қорғайды. Art & Science of Water — ғылым, өнер және технология тоғысында зерттеу мен көркем шығармашылықты ұштастыратын жобаларды қолдауға арналған PRO.NRG FEST ашық гранттық бағдарламасы. Іріктеу қорытындысы бойынша 20 жобаға дейін таңдалып, олардың әрқайсысына жобаны жүзеге асыру үшін 400 000 теңге көлемінде грант беріледі.

Бағдарламаның тағы бір бағыты — National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі. Көрме Қазақстанның су ресурстарының қазіргі жағдайын деректі фотография арқылы көрсетіп, тақырыпты визуалды тұрғыдан тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында шақырылған спикерлер баяндама жасайды, Aqua Lab зертханасында және «Таным» кешенінің гидропоника мен аквапоника кабинеттерінде шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ демонстрациялық станциялар жұмыс істеп, көрме экспозициясымен таныстыратын экскурсиялар өткізіледі.

Showcase Art&Science қонақтары ғылыми және көркем жобаларды тамашалап қана қоймай, зерттеу сұрағының көркем идеяға, одан әрі визуалды бейнеге қалай айналатынын көре алады. Олар финалистермен, сарапшылармен және жоба авторларымен пікір алмасып, мектеп ғылымы, заманауи өнер мен деректі фотографияның бір тақырыпты әртүрлі тәсілмен қалай жеткізетінін байқайды.

Алдын ала тіркелу мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/pro.nrg.fest
Іс-шараның ресми сайты: https://artandscience.kz/
Жарияланымдарға арналған афишалар мен БАҚ материалдарына сілтеме: афиши

Анықтама үшін:
«Chevron» — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергия прогресс үшін қажет деп санаймыз. «Chevron» мұнай мен табиғи газ өндірумен, мұнай өнімдерін, мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын шығарумен айналысады, сондай-ақ бизнес пен мұнай-газ саласын дамытуға арналған технологияларды әзірлейді. Біз мұнай-газ бизнесін дамытумен қатар, қызметіміздің көміртек қарқындылығын төмендетуге және төмен көміртекті бағыттарды, соның ішінде жаңартылатын отын өндірісін, көміртекті ұстау технологияларын, офсеттерді, сондай-ақ сутегі мен басқа да инновациялық технологияларды дамытуға ұмтыламыз. «Chevron» туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры — Қазақстанда STEAM-білім беруді ілгерілететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларға білім беретін білім беру ұйымы.




