Қазақстанда Ұлттық қорды басқару жүйесі түбегейлі өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Жарлықпен жаңа консультативтік-кеңесші орган — Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес құрды. Енді бұл құрылымға елдің өзі төрағалық етеді.
Жаңа кеңес ұлттық байлықтың тиімді жұмсалуын қадағалауды, қор қаражатын стратегиялық жобаларға бағыттауды және бюджетке бөлінетін трансферттерді үйлестіруді көздейді.
Кеңес құрамына кіргендер:
- Қазақстан Президенті (төраға)
- Премьер-министр
- Сенат төрағасы
- Мәжіліс төрағасы
- Президент әкімшілігінің басшысы
- Ұлттық банк төрағасы
- Премьер-министрдің бірінші орынбасары
- Жоғары есеп палатасының төрағасы
- Қаржы министрі
- Ұлттық экономика министрі
Кеңестің негізгі міндеттері:
- Ұлттық қор қаражатын тиімді басқару және пайдалану;
- Қордан республикалық бюджетке трансферт көлемін айқындау;
- Қор арқылы ірі мемлекеттік жобаларды қаржыландыру;
- Зейнетақы активтерін басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Президент қандай рөл атқарады?
- Кеңес отырыстарын өзі шақырады және өткізеді;
- Кеңес мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
- Қор қаржысының мемлекеттік саясатқа сай жұмсалуына тікелей ықпал етеді.
Бұл шешім Ұлттық қорды басқаруда саяси бақылауды күшейту ретінде бағалануда. Сарапшылардың айтуынша, Президенттің өзі кеңесті басқаруы — қаржы жүйесіне жауапкершіліктің жоғары деңгейге көтерілгенін білдіреді.
