АҚШ пен Украина табиғи ресурстарды бірлесіп игеру туралы келісімге қол қоюға жақын. Reuters және Financial Times агенттіктерінің мәліметінше, құжатқа 28 ақпанда Вашингтонда қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды.
Келісімге сәйкес, екі ел мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды игеру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский келісімге қол қоюдан бас тартқан еді. Оның бұл шешімі келісімнің елдің ұлттық мүдделеріне сай келуі қажеттігімен түсіндірілген болатын. Алайда кейінірек қос тарап келіссөздерді қайта жандандырып, ортақ мәмілеге келуге жақындады.