Өмірдің бір заңдылығы бар: ештеңе тұрақты емес. Бүгін кедей болған адам – ертең бай болуы мүмкін. Ал бүгін байлыққа малынған жан – ертең бәрінен айырылып қалуы ғажап емес. Себебі дәулет те, дәрежеде – баянсыз. Нағыз байлық – жүректе, ақылда және іс-әрекетте.
Кедейлік – үкім емес. Ол – уақытша жағдай. Егер адамда мақсат, еңбекқорлық пен табандылық болса, ол ертең бәріне жетеді. Ал байлық – тек есептегі нөлдер мен шен-шекпен емес. Ол – ішкі байлық, кісілік, парасат. Бай адам – бергенімен емес, бөліскенімен қадірлі.
Тәкаппар бай да, үмітін үзген кедей де шектен шықса, өмір өз жолын көрсетеді. Бүгін жұпыны үйде тұрып, болашақта ел басқарған талай жан бар. Сондай-ақ, бір кездері төрде отырған талай бай аяқасты жағдайға тап болған.
Сол үшін ешкімді бай-кедей деп бағалама. Қазір кім екені емес, ертең кім болатыны маңызды. Құндылық – адамның қалтасында емес, жүрегінде.
Өмір – айналмалы.
Кедей де бай болар,
Бай да кедей болар.
Адамдық кетпесін,
Сонда ғана бәрі орнына болар.
