Жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына қауіп төндіретін басты кедергілердің бірі. Ол тек экономикалық шығынға емес, халықтың билікке деген сенімінің жоғалуына, әділдік принциптерінің бұзылуына әкеледі. Жемқорлық жайлаған елде заң әлсіз, пара – күшті.
Қазақстан да бұл індетпен күресіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар, арнайы агенттіктер, заңдар қабылданған. Жемқорларды әшкерелеу жұмыстары жиілегенімен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Себебі, жемқорлықтың тамыры жүйеде ғана емес, санада жатыр.
Пара беру мен алуды «таныстық», «шүкіршілік» деп ақтап алу – ұлттық трагедия. Бұл – ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етеді. Балалар әділеттің емес, айланың алда жүретінін көрсе, болашағымыз қалай болмақ?
Жемқорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр азамат әділетсіздікке қарсы тұрып, өз орнында адал еңбек етсе, оң өзгеріс басталады. Мектептен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет.
Жемқорлық – көрінбейтін жау. Онымен күрес үздіксіз және нақты іспен жүруі тиіс. Адалдықты насихаттап, парақорлықты айыптай алсақ, ғана қоғам тазарады.
