сурет:reuters
Украина президенті Владимир Зеленский елде жаңа әскери құрылым – шабуылдаушы әскерлерді құру туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Ол бұл мәлімдемесін журналистермен кездесуде жасаған.
Зеленскийдің айтуынша, соңғы жылдары құрылған шабуылдаушы батальондар мен полктар 2025 жылы жақсы нәтижелер көрсеткен. Осы тәжірибені заңды негізде бекітіп, дербес әскери құрамға айналдыру қажеттігі туындаған.
«Бізде шабуылдаушы батальондар, полктар бар, олар 2025 жылы жақсы нәтиже көрсетті. Енді бұл тәжірибені құқықтық алаңға шығарып, жеке шабуылдаушы әскер құрамыз. Олардың құрамына міндетті түрде дрондық бөлімше енгізіледі», – деді Украина басшысы.
Президенттің айтуынша, ресми құрылымдастыру жұмыстары басталып кеткен. Жаңа әскердің жариялануы мен іске қосылуы алдағы бір апта немесе он күннің ішінде жүзеге асуы мүмкін.
