Шымкент қаласында 16 жастағы Таңнұр есімді бозбала 21 қаңтар күні таңғы сағат 08:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол 2008 жылдың 3 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген,толық аты-жөні Тұрсынбек Таңнұр Анарбайұлы.Физикалық сиппатамасы қара шашты, қоңыр көзді,бойы 165 см. Үйінен шыққанда ол қара түсті күртеше мен жасыл қалпақ киіп кеткен. Қазіргі уақытта полиция мен еріктілер жасөспірімді табу үшін барынша күш салып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Таңнұрдың жоғалуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.Себебі Шымкентте осы жылдың қаңтар айында қатарынан үш рет жасөспірім жоғалып кеткен еді.
Автор: admin_ushqyn
«Қазіргі заманғы мәдениет орталығы» (ҚМО) «Целинный» ресми түрде 2025 жылдың көктемінде ашылып, көрермендерін қабылдамақшы. Бұл жайында ҚМО өкілдері 27 қаңтарда хабарлады. Бұрынғы кеңестік «Целинный» кинотеатрының ғимаратын қайта құру жұмыстары бес жылға созылды, – деп хабарлайды Qazyr.kz Forbes журналына сілтеме жасап. «Целинный» жобасының негізін қалаушы – кәсіпкер Қайрат Боранбаев екені көпшілікке белгілі. 2015 жылы кәсіпкерге тиесілі «Алмалы» активтерді басқару компаниясы банктің кепілінде тұрған «Отау Синема» желісінің үш кинотеатрын – «Целинный», «Байқоңыр» және «Алатауды» сатып алғаны есімізде. 2016 жылы «Алатау» кинотеатрының орнына Алматыдағы алғашқы McDonald’s мейрамханасы ашылды (Боранбаев бұл желінің франшизасын басқа компаниясы арқылы басқарған). Ал «Целинныйды» мәдени кеңістікке айналдыру туралы шешім қабылдаған еді. Қазіргі…
Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан мен Ресейдің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімді ратификациялады. Аталған құжатқа 2023 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында қол қойылған болатын.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды. Келісімге сәйкес, тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалданатын электр энергиясының көлемін келісуге міндетті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы энергетикалық тұрақтылықты сақтауға, электр энергиясын жоспарлы түрде сатып алуға және мемлекетаралық ағындарды теңгерімдеуге мүмкіндік береді. Электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тарифке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тариф Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін белгіленген электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы тиіс.…