Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылғы төлемдер жүргізілді. Жоба қатысушылары – 18 жасқа дейінгі балалардың шотына әрқайсына 129,38 доллар көлемінде қаражат аударылды. Жалпы төленген сома 888,8 миллион долларды құрады,-деп хабарлайды Ushqyn тілшісі. Қаражаттың қалыптасуы және жинақталуы Аударылатын қаражат көлемі Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері мен оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты анықталады. Осы табыстың жартысы балалардың шотына аударылады. Сонымен қатар, бұл қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі. Бағдарлама іске қосылғаннан бері, яғни екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 доллар жинақталды. Бағдарлама қалай іске асады? «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы іске қосылған болатын.…
Автор: admin_ushqyn
Боза – ежелден келе жатқан дәстүрлі ашытылған сусын. Ол көбінесе тары, арпа, жүгері, бидай немесе сұлыдан жасалады. Құрамында табиғи ашытқы, сүт қышқылы бактериялары мен пайдалы дәрумендер бар. Бозаның пайдасы: 1. Ас қорыту жүйесін жақсартады – Бозадағы сүт қышқылы ішек микрофлорасын жақсартып, ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. 2. Иммунитетті күшейтеді – В тобындағы дәрумендер мен табиғи пробиотиктер ағзаның қорғаныс жүйесін нығайтады. 3. Энергия көзі – Көмірсуларға бай болғандықтан, боза денеге күш-қуат беріп, шаршағанды басады. 4. Қан айналымын жақсартады – Бозадағы темір мен басқа да минералдар қан түзілу процесіне оң әсер етеді. 5. Бұлшықеттерді нығайтады – Ақуызға бай болғандықтан, спортшылар…
Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол 2016 жылы Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Жобаның сапасыз материалдардан жасалғаны, құжаттамасының толық болмағаны және мемлекеттік сараптамадан өтпегені анықталды. Нысан 2017 жылдан бері жарамсыз күйде тұр. Тергеу барысында Мажағұловтың 3 коммерциялық үй-жайы, 2 автотұрағы және премиум-класты пәтеріне ауыртпалық салынды. Сонымен қатар, іс бойынша мердігер ұйым өкілі Мәди Қанапина 3 жыл 6 айға сотталды.
Қазақстанда ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған тағы бір жаңа мереке пайда болмақ. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 қыркүйекті Тазы мен төбет күні ретінде белгілеу жөнінде ұсыныс жасады. Министрліктің мәлімдеуінше, бұл мереке қазақ халқының дәстүрлі ит тұқымдары – тазы мен төбеттің маңызын арттырып, олардың сақталуына ықпал етеді. Тазы – аңшылыққа бейім, ерекше жүйрік әрі ақылды ит тұқымы, ал төбет – малды қорғауда сенімді серік болған дәстүрлі бақташы ит. Жаңа мереке аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін. Мамандар тазы мен төбеттің ерекшеліктерін кеңінен таныстырып, көрмелер, жарыстар және ғылыми конференциялар өткізу жоспарлануы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстанның этнографиясы мен…
Қазақстандық фристайл-могул шебері Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Жартылай финалда франциялық Перрин Лаффонға есе жіберген Юлия үшінші орын үшін өткен бәсекеде канадалық Майя Швингхаммерді жеңді. Бұл жетістік Галышеваның шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстанның қысқы спорттағы беделін көтерді.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер мен жас ғалымдардың стипендиясы едәуір ұлғаяды. Бұл шешім білім алушыларды қолдауды күшейтіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат етеді. Жаңа стипендия көлемдері: Бакалавриат: 52 372 теңгеге дейін; Педагогикалық және медициналық мамандықтар: 84 000 теңгеге дейін; Магистратура: 117 098 теңге; Докторантура: 262 500 теңге; Интернатура: 94 862 теңге; Резидентура: 134 664 теңге.
Депутат Ермұрат Бәпи қоғамда қызу талқы тудырған мәлімдемесін Facebook парақшасында жариялады. Ол Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділеріне қатысты әділетсіздікке назар аударып, құқық қорғау органдарының әрекетін сынға алды. Бәпи өз жазбасында Әсем Жәпішеваға қатысты сот шешімін заңсыз деп атап, оны босатуды талап етті. «Сатира — қылмыс емес! Соңғы 3-4 жылдың ішінде бейкүнә жүрген “Оянды” кім оятты? Бас жарып, көз шығармаған жастардың ендігі зығырданын тудырған оқ полиция, прокуратура мен соттың көксегені не? Елде теңселіс тудыру ма? Айналып келгенде, қоғамның наразылығы бұл үшеуіне емес, бірінші кезекте ел президентіне тиетінін бұлар білмей отырған жоқ! Ендеше, далбаса даңғойлықты доғарып, прокурордың протестімен заңсыз сот шешімін бұзып, Әсемді…
14 қаңтар күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылынан Шымкентке көлік жүргізу куәлігін алуға келген 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлынан он күн бойы еш хабар жоқ. Туыстары оның жоғалғанын байқап, құқық қорғау органдарына жүгінген. Бейнебақылау камераларының жазбаларынан жас жігіттің соңғы рет аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрған сәті анықталған. Кейбір мәліметтер бойынша, ол автобусқа мінген болуы мүмкін. Алайда одан кейінгі әрекеттері туралы ешқандай дерек жоқ. Жоғалған жігіттің туыстары мен жақындары оны табу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. Еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына қосылған. Әзірге іздеу шаралары еш нәтиже берген жоқ. Туыстарының айтуынша, ол ешқашан ұзақ уақыт бойы байланыссыз қалған емес. Сондықтан бұл…
Беларусьте өткен кезекті президенттік сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жетіп, жетінші рет президенттік қызметіне кірісуге дайын. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Лукашенко 86,82% дауыс жинаған. Бұл туралы ОСК төрағасы Игорь Карпенко мәлімдеді,деп хабарлайды Ushqyn.kz. Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы президент болып сайланған. Содан бері ол 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары өткен сайлауларда да жеңіске жетіп, Беларусь елін үздіксіз басқарып келеді. 70 жасқа толған саясаткер бұл жолы да өз көшбасшылығын сақтап қалды. Лукашенконың ұзақ мерзімді билігі әлемдік саясатта ерекше құбылыс ретінде қарастырылады. Оның басқару кезеңінде Беларусь экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды бастан кешірді. Дегенмен, мұндай тұрақты…
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған «Қалаулым» бағдарламасынан танылған Бердах Бекетов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» айыбы бойынша сотталды. 2022 жылдың 22 қаңтарында полиция оны көшеден ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Тергеу кезінде үш рет хат жазып, азаптауға ұшырағанын айтып, көмек сұраған.