Автор: Redaktor Ushqyn

Мағжан Жұмабаев – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол өзінің терең философиялық ойларымен, сыршыл лирикасымен, ұлттық рухты асқақтатқан шығармаларымен халық жадында мәңгі қалды. Ақын поэзиясында еркіндік пен азаттық идеясы ерекше орын алып, түркі халықтарының бірлігі мен болашағына үміт арта білді. Балалық шағы мен білім алуы Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжардағы (Петропавл) медреседе білім алды. Жастайынан зеректігімен ерекшеленген Мағжан Уфадағы әйгілі «Ғалия» медресесінде оқып, сол жерде татар, араб, парсы әдебиетімен танысты. 1913-1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында білімін жалғастырып, орыс…

Read More

Сурет: sozmedia.kz «Жабық бас-ми жарақаты» Семейде бір топ жасөспірімнің соққысына ұшыраған баланың қазіргі жағдайын дәрігерлер айтып берді,-деп хабарлайды Ushqyn.kz. Семей қаласында соққыға жығылған 6-сынып оқушысына дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. 2013 жылы туған бала жабық бас-ми жарақатын алған, сондай-ақ денесінде, әсіресе басы мен аяқтарында көптеген гематомалар анықталған. Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Дәрігерлер оны толық тексерістен өткізіп, өміріне қауіп жоқ екенін растады. Қазіргі таңда ол педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. Сонымен қатар балаға психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл оқиға балалардың қауіпсіздігі мен мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын…

Read More

Сурет:Ushqyn.kz Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, алдағы өзгерістер көлік қозғалысын реттеп, ауаның ластануын азайтуға бағытталған.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Қала билігі алдымен автотұрақ тарифтерін көтеруді жоспарлап отыр. «2024 жылдың 1 шілдесі мен 1 тамызынан бастап автотұрақ құнын арттыру көзделген. Бұл шара әлемнің басқа мегаполистеріндегі тәжірибеге сүйене отырып енгізіледі. Соның нәтижесінде қала орталығындағы ескі көліктердің саны азаяды деп күтілуде», – деді Ерболат Досаев. Қала әкімі алдағы уақытта экологиялық аймақтар құру жоспарланып отырғанын айтты. «Бұл жоба қоғамдық кеңес пен мәслихаттың қарауына ұсынылады. Біздің басты мақсатымыз – жоғары…

Read More

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында бір жыл бұрын жасөспірімдер арасындағы жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. 17 жастағы Елдар Аманбек белгісіз бір топтың шабуылына ұшырап, ауыр соққы мен пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғы жамылған анасы Алтынай Шалтаева әлі күнге дейін ұлының өліміне кінәлілердің тиісті жазасын алмағанын айтып, әділ тергеуді талап етеді. Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Қайғылы оқиға 2024 жылдың 19 қаңтарында болған. Марқұмның анасының айтуынша, сол күні Елдар көлікте достарын күтіп отырған. Кенеттен бір топ жасөспірім шабуыл жасап, оны аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленушінің екі досы қашып үлгергенімен, Елдар қалың топтың ортасында қалып, санына тиген пышақ жарақатынан көп қан жоғалтып,…

Read More

Қазақ халқы ежелден адам өмірінің басталуы мен аяқталуына ерекше мән берген. Соның ішінде жаназа рәсімдері мен ас беру дәстүрі уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, қазіргі таңда үлкен шығынға айналып отырғаны жасырын емес. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, кейбір өңірлерде оны реттеу жолдары қарастырылуда. Бүгінде ірі қалаларда, әсіресе Астанада, марқұмның рухына арнап ас беру үшін қомақты қаражат жұмсау қажет. Кей мешіттердегі асханаларда адам басына 20 000 теңгеге дейін төлеуге тура келеді екен. Ал кейбір өңірлерде бұл дәстүр барынша қарапайым түрде өтеді – дастарқанда тек жеті түрлі тағам ғана ұсынылады. Осы айырмашылық қоғамда ысырапшылдық туралы сұрақ туындатады. Жаназа асын ұйымдастыруда басты мақсат…

Read More

Семей қаласында орын алған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық оқиғасынан кейін мектеп әкімшілігі мен бірқатар педагог қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды. Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде екі мектептің директорлары қызметінен босатылып, тәрбие ісіне жауапты орынбасарлар, сынып жетекшілері мен психологтар да жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Жергілікті мектептердің бірінде оқушы жасөспірімдер тарапынан соққыға жығылған. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып, білім беру мекемелеріндегі тәртіп пен қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Тергеу барысында мектеп басшылығы мен педагогикалық құрамның тәрбие жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны анықталған. Құқық қорғау органдары мен білім басқармасы жүргізген тексеріс нәтижесінде екі мектеп директоры қызметінен босатылды. Сонымен қатар, мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі…

Read More

Семейде 6-сынып оқушысын қорлаған жоғарғы сынып оқкшыларының ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды. Семей қаласында жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиға орын алды. Бір топ жоғарғы сынып оқушылары өздерінен төмен cынып оқитын оқушыны аяусыз соққыға жығып, оны еркінен тыс мүшеқап үрлетіп,мазақ етіп түсірген бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Бұл жағдай ата-аналар мен қоғамның ашу-ызасын туғызды. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар балалар арасындағы әлімжеттікке қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін көтерді. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан кейін жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап, қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда Семей қаласының білім басқармасы мен психологтар жәбір көрген балаға психологиялық…

Read More

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы (АЭС) Алматы облысы, Жамбыл ауданында салынады. Бұл туралы тиісті қаулы 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылданып, оған Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат 2025 жылдың 25 ақпанында ресми түрде жарияланып, өз күшіне енді.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, АЭС құрылысы елдің электр қуатына деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға және көмірге тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жаңа станция Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, парниктік газдар шығарындыларын төмендетуге көмектеседі. АЭС салынатын жер ретінде Алматы облысының таңдалуы өңірдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен байланысты. Жоба жүзеге асырылған жағдайда, бұл елдегі ең ірі энергетикалық нысандардың біріне айналады. Қазіргі уақытта Қазақстан АЭС салу технологиясын…

Read More

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Atameken Business телеарнасына сұхбат беріп, жекеменшік балабақшаларға жүргізіліп жатқан тексерістерге қатысты өз пікірін білдірді.Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды. Депутаттың айтуынша, жекеменшік балабақшалар мемлекет үшін тиімді, себебі олар бюджеттік шығынды азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Алайда, қазіргі уақытта балабақша иелері жиі тексерістерге ұшырап, миллиондаған теңге айыппұл төлеуге мәжбүр. Кәсіпкерлерді қолдау қажеттігі айтылды Қаңтар айында Қайрат Балабиев Арыс қаласындағы жекеменшік балабақша құрылтайшыларымен кездесті. Жиында кәсіпкерлер өз мәселелерін көтеріп, мемлекеттік қолдау қажеттігін жеткізген. «Мемлекет бір балабақша салу үшін 600 млн-нан 1 млрд теңгеге дейін қаржы жұмсайды. Ал жекеменшік балабақшалар кәсіпкерлердің өз қаражатына салынып, жаңа жұмыс орындарын…

Read More

АҚШ пен Украина табиғи ресурстарды бірлесіп игеру туралы келісімге қол қоюға жақын. Reuters және Financial Times агенттіктерінің мәліметінше, құжатқа 28 ақпанда Вашингтонда қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Келісімге сәйкес, екі ел мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды игеру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский келісімге қол қоюдан бас тартқан еді. Оның бұл шешімі келісімнің елдің ұлттық мүдделеріне сай келуі қажеттігімен түсіндірілген болатын. Алайда кейінірек қос тарап келіссөздерді қайта жандандырып, ортақ мәмілеге келуге жақындады.

Read More