Автор: Redaktor Ushqyn

Жоғары білім беру жүйесінің интернационалдануы қазіргі заманғы университеттердің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы үдерісте академиялық ұтқырлық студенттердің кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, білім беру сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Нархоз Университеті бұл бағытта жүйелі саясат жүргізіп, білім алушыларға шетелдік академиялық ортада білім алу үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады. Университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламалары әртүрлі елдердегі жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде студенттердің кәсіби білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына жағдай жасайды. Қазіргі таңда жүздеген студент шетелдік университеттерде білім алып, халықаралық тәжірибе арқылы өз білімдерін шыңдап, жетілдіруде.…

Read More

Қазіргі жаһандану жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі оның халықаралық деңгейде ықпалдасу дәрежесімен тікелей айқындалады. Осы тұрғыда академиялық ұтқырлық білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретінде қарастырылады. Нархоз Университеті студенттерге бакалавриат және магистратура деңгейлерінде шетелде білім алу, тағылымдамадан өту және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары қысқа мерзімді және бір жылдық форматтарды қамтып, 30-дан астам елде жүзеге асырылады. Бұл бастама білім алушылардың халықаралық білім беру кеңістігіне енуіне, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруына және жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруына ықпал етеді. 2014 жылдан бастап мыңға жуық студент шетелдік жоғары оқу орындарында білім…

Read More

2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Алматы облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-сапардың негізгі мақсаты – халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу және дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен түсіндіру болды. Сонымен қатар қоғамда түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу көзделді. Бес күнге созылған іс-шаралар барысында облыс көлемінде әртүрлі форматта 20 кездесу ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тәжірибелі сарапшылар қатысты. Атап айтқанда, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Болат Шаймолданұлы Шоманов, Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат…

Read More

Kazakhstan International Tourism Fair 2026 көрмесінде Гоа халықаралық позициясын нығайтты. 2026 жылғы 22 сәуірде Алматыда өткен Kazakhstan International Tourism Fair 2026 (KITF 2026) аясында Үндістанның ең танымал туристік бағыттарының бірі — Goa — өзінің ауқымды Гранд-павильонын таныстырып, халықаралық нарықтағы позициясын кеңейтуге бағытталған стратегиясын ұсынды. Бұл — жыл сайын ұйымдастырылатын беделді көрменің 26-шы шығарылымы. Халықаралық стратегия және жаңа бағыттар Гоа штатының туризм министрі Rohan A. Khaunte өз баяндамасында аймақтың жаһандық туристік нарықтағы рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Гоа тек жағажай демалысымен шектелмей, терең мәдени, экологиялық және иммерсивті тәжірибелер ұсынатын бағытқа айналып келеді. Министр Қазақстанмен әуе қатынасының дамуына ерекше назар аударды. Бүгінде Air Astana арқылы Mumbai мен Delhi қалаларына тікелей рейстер орындалады, ал…

Read More

Оның орнына 1500 орындық жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Ushqyn.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. №30 гимназиясының ескі ғимараты бұзылып, оның орнына барлық талаптарға сай заманауи мектеп бой көтереді. Құрылысты 2027 жылы аяқтап, мектепті қыркүйек айында ашу жоспарланып отыр. Жоба жетекшісі Елнұр Закировтың айтуынша, жер телімінің аумағы 2,65 гектарды, ал ғимараттың өзі 4651 м² құрайды. Жаңа мектепте мыналар қарастырылған: — 297 орындық акт залы;— 274 орындық асхана;— химия, биология және физикаға арналған заманауи кабинеттер;— керамика және ағаш өңдеу шеберханалары. Сонымен қатар, автотұрақ мәселесі де шешіледі — 60 орынға дейін қарастырылған. Мектеп аумағында спорттық және ойын алаңдары салынады. Құрылыс жұмыстарына шамамен 300 адам…

Read More

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында Қызылқоға ауданынан келген кәсіпкер Нұрбол Жарылғасиннің өтініші қаралды. Бұл туралы AtyrauPress сайты хабарлады. Іс мән-жайына сәйкес, кәсіпкер құс шаруашылығын жүргізуге арналған жер телімінің иесі болып табылады. Жер телімінің маңынан «Кереген–Сағыз–Жамансор» топтық су құбыры өтеді, ол «Сағыз Су Арнасы» ЖШС-нің теңгерімінде. Шаруашылық қызметін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкер техникалық шарттар алу үшін серіктестікке жүгінген. «Өткен жылдың қыркүйек айында «Сағыз Су Арнасы» ЖШС маған техникалық шарттар берді, оған сәйкес қосылу нүктесі жер телімінен 600 метр қашықтықта, төмен орналасқан аумақта белгіленді. Ал менің жер телімім биіктеу жерде орналасқан,…

Read More

Атырау қаласының №2 сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендері үшін айыпталған екі азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 108-1-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы). Бұл туралы AtyrauPress тілшісі жазады. Аталған соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2025 жылдың 3 қазанында А. және К. арасында туристік қызмет көрсетілмеуіне байланысты жанжал туындаған, кейін А. және оның танысы С. жәбірленушіге К.-ге физикалық күш қолданған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіде тіркелген зақымданулар денсаулыққа жеңіл зиян ретінде сараланған. Прокурор оларға жазаны орындауды кейінге қалдыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды, сондай-ақ моральдық…

Read More

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған адамды құтқарды. «Atyrau Press» редакциясының хабарлауынша, 18 желтоқсан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері полиция аға сержанты Салтанат Урынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Атырау қаласындағы Алиев көпірінде белгісіз адамның секірмекші болғанын анықтайды. Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан көпір үстінде 45 жастағы ер адамның секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлесе бастаған. Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке баруының…

Read More

Әлеуметтік желілерде «Тағылым» мектебінде 11-сынып оқушысы әжетханада басын унитазға соғып, ауыр жарақат алғаны туралы хабарланды. Бұл туралы AtyrauPress басылымы жазады. Туыстарының айтуынша, мектеп қызметкерлері қан іздерін жуып, балалардан болған оқиғаны жасырын ұстауды сұраған көрінеді. Бастапқыда қыз отбасысына жай ғана тайып құлап кеткенін айтса, кейін оны қатарластары итеріп жібергенін мойындаған. Ата-аналар жағдайды тек кешке ғана білген — сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де оқиға туралы дереу хабар бермеген. «Мектепте барлық тараптардың қатысуымен ішкі тергеу жүргізілуде. Қызметкерлер алғашқы көмек көрсетіп, бірден травмпунктке баруды ұсынған. Қыз болса тек ағасымен бірге баруға келіскен. Мектеп мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр», — деп…

Read More

Атырауда 1500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ushqyn.kz тілшісі. AtyrauPress мәліметінше, көлік апатынан 78 адам көз жұмып, 2199 адам түрлі дене жарақатын алған. Апаттың көбі көліктегі жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін сақтамау салдарынан болған. Осы орайда, жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу мақсатында республикалық ауқымдағы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы өткізілуде. Бұл іс-шараның мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарын қоғам назарына жеткізу, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Апталық аясында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салу үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінде апатқа ұшыраған көлік құралдарын көрнекі түрде орналастырып, қала аумағынан жүріп өтті. Бұл…

Read More