Автор: Redaktor Ushqyn

Эмине Ердоған Мелания Трампқа Газадағы жағдайға байланысты хат жолдады,- деп хабарлайды Ushqyn.kz. Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың жары Мелания Трампқа Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударуды өтініп хат жолдады. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. Эмине Ердоған өзінің хатында Мелания Трамптан Украинадағы жағдайға көрсеткендей жанашырлықты Газа халқына да танытуға шақырған. Ол сондай-ақ Ақ үйдегі алты жыл бұрынғы кездесудегі жылы шырайлы қабылдауды әлі күнге дейін ерекше құрметпен еске алатынын атап өтті. Хатта Түркияның бірінші ханымы Газа бүгінде «заманауи тарихтағы ең ауыр қырғын мен геноцид алаңына» айналғанын жазды. Сондай-ақ ол халықаралық құқық пен адамзаттық құндылықтарды қорғаудағы жауапкершілікті сақтау және…

Read More

Жастар — қоғамды алға жетелейтін қозғаушы күш, деп хабарлайды ushqyn.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Атырау облысында 14 пен 35 жас аралығында 208 751 адам тұрады. Мұнда білім деңгейін арттыру, кәсіби дамуға жағдай жасау, шығармашылық пен спорттық әлеуетті дамыту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. ОКҚ мәліметінше, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы белгілеген Халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда атап өтіледі. Қазақстанда жастар – ел дамуының негізгі ресурсы. Мемлекеттік жастар саясаты жас ұрпақты қолдауға және әлеуетін дамытуға, сапалы білім алуға, жұмысқа орналасуға жағдай жасауға, жас мамандарды және таланттарды ынталандыруға бағытталған. Ел өңірлерінде жаңа форматтағы «Келешек мектебі» оқу ордалары…

Read More

Атырауда 80-нен астам мұғалімге 11 миллион теңгеден жоғары өтемақы төленді, деп хабарлайды Ushqyn.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Атырау қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Биыл 80-нен астам педагогтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды, алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді. 33 лауазымды тұлғаға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және…

Read More

10 тамызда Алматы қаласында әлемге танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді деп жоспарлануда. Алайда бұл шараның өтуі қазір сұрақ тудырып отыр. Себебі қоғам белсендісі Сауле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында концертті өткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ushqyn.kz. Белсенді 10 тамыз — қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні екенін алға тартып, дәл осы күні ойын-сауықтық шара өткізу – ұлттық құндылықтарға қайшы деп есептейді. > «10 тамыз — Абайдың туған күні. Мұндай күні шоу ұйымдастырып, оның үстіне ЛГБТ қауымдастығын ашық қолдайтын әртістерді шақыру — бұл қазақ мәдениетіне деген құрметсіздік», – деп жазды ол Facebook-те. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары…

Read More

Белгілі ұшқыш-ғарышкер, үш мәрте ғарышқа сапар шеккен, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 74 жасында дүние салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды Ұшқын тілшісі. – Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, еліміздің абыройын асырған батыр тұлға болды. Ол аэроғарыш саласын дамытуға зор үлес қосып, сенатор ретінде ел дамуына қызмет етті. Халқының құрметіне бөленген ардақты азаматтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта. Талғат Мұсабаев – ТМД кеңістігінде ғарышқа үш рет ұшқан санаулы тұлғалардың бірі. Ол ғарышта 341 күн болып, бірнеше…

Read More

АҚШ-тың экс-президенті әрі қазіргі үміткері Дональд Трамп Ресеймен ядролық соғыс қаупі туындаса, Америка толық дайын екенін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ядролық қаруға қатысты сөзіне жауап ретінде айтылған. Трамп Sky News арнасына берген сұхбатында: «Егер мәселе ядролық қаруға тірелетін болса, біз толық дайын болуымыз керек. Және біз дайынбыз», – деді. Ол сондай-ақ, 1 тамыз кешкісін АҚШ-тың екі ядролық сүңгуір қайығын стратегиялық аймақтарға орналастыруға бұйрық бергенін айтты. Бұл әрекет – Медведевтің мәлімдемесі нақты қадамдарға ұласқан жағдайда алдын ала қабылданған әскери жауап ретінде түсіндірілді. Трамптың айтуынша, мұндай шешім «Ресей тарапынан жасалған жауапсыз және арандатушы риторика аясында» қабылданған.…

Read More

Сурет: global look press Құқық қорғау органдарының мәліметінше, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынбақ. Бұған никаб, маска және жүзді бүркейтін өзге де жабындар кіреді. Алайда, діни киімдердің кейбір түрлеріне рұқсат сақталады. Атап айтқанда, хиджаб, шейла, химар және аль-амира сияқты бетті жаппайтын бас киімдерге шектеу қойылмайды. Жаңа талаптар мына жағдайларға қатысты болмайды: Климаттық жағдайларға байланысты қорғану қажеттігі туындаса; Медициналық себептермен бет жабу қажет болса; Қызметтік міндеттерді орындау кезінде; Құқық қорғау және төтенше жағдай салаларында жұмыс атқаратындар үшін; Заңмен қарастырылған жағдайларда. Бұл шектеу қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

Read More

Махаббат – бұл жай ғана сезім емес. Бұл – адам болмысының ең нәзік әрі ең құдіретті көрінісі. Алайда XXI ғасырда махаббатқа сену – біреуге ертегіге сенумен тең, ал біреуге өмірдегі ең соңғы үмітпен жарық іздеумен ұқсас. Бүгінгі қоғамда махаббат туралы айтқанда, көбіміздің көз алдымызға кинолардағы жасанды романтика, әлеуметтік желілердегі әдемі жұптар немесе той үстіндегі дәстүрлі «махаббатпен үйлендік» сөзі елестейді. Бірақ бұл – тек сыртқы қабат. Ішкі өзегінде шынайы махаббат – сенім, адалдық, сабыр, құрбандық және терең түсіністіктен тұратын шексіз әлем. Махаббат дегеніміз тек гүл мен кәмпиттен тұратын романтика емес. Ол – науқасты қараусыз тастамау, өмірдің қиын сәтінде серігіңнің қолын босатпау,…

Read More

Қытайдың Нанкин қаласында әлеуметтік желі арқылы танылған «Хонг бикеш» лақапты ер адамға қатысты атышулы іс бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ер адам әлеуметтік желілерде өзін әйел ретінде көрсетіп, қарапайым азаматтармен жыныстық қатынасқа түсіп, бұл әрекеттерін жасырын түрде видеоға түсіріп, кейін интернетте таратқаны белгілі болды.Бұл туралы Ұшқын тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеп хабарлайды. Нанкин полициясы тергеу амалдарын 2025 жылдың шілде айының басында бастаған. 6 шілдеде аталған тұлға ресми түрде қамауға алынып, оған «әдепсіз материалдарды өндіру және тарату» баптары бойынша айып тағылды. Құқық қорғау органдары желіде тараған бейнематериалдарды жоюға кірісіп, тұрғындарды оларды таратпауға шақырды. Күдікті өзінің мәлімдемесінде 1 691 ер адаммен жыныстық қатынаста…

Read More

Сурет: https://youtu.be/tNVe8B1DFEc?si=2nvi6lBqGVFuJQVv Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компанияның ісі бойынша сот үкімі шықты,-деп хабарлайды Ұшқын тілшісі. «Group of the Companies TDA» ЖШС мен оған байланысы бар тұлғаларға қатысты сот шешімі шықты. Компания Қытайдан 100-ден астам контейнерді контрабандалық жолмен алып кіріп, жалған шот-фактуралар арқылы 10 млрд теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу кезінде 643 млн теңге бюджетке қайтарылды. Сот шешімімен 1,3 млрд теңгенің тауарына және 300 млн теңге тұратын мүлікке тыйым салынды. Іспен байланысы бар 47 серіктес компания 240 млн теңге салық төлеп, есеп айырысуды тоқтатты. Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлілер 1 жыл 4 айдан 4…

Read More