Автор: Redaktor Ushqyn

Сурет: Ашық дереккөз Астанада өтіп жатқан атышулы сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Прокурор Арман Кезекен олардың мүлкін тәркілеуді және Перизатқа 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салуды талап етті. Айыпталушыларға ҚР ҚК-нің 190-бабы (аса ірі көлемде алаяқтық) және 218-бабы (ақша жылыстату) бойынша айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушылар бұл істе жеңілдететін мән-жай жоқ екенін атап өтті. Сотта прокурорлар жымқырылған 3,5 млрд теңгеге сатып алынған мүлікті тәркілеуді және оны сатып, жәбірленушілерге өтемақы төлеуді ұсынды. Сот процесі әлі жалғасып жатыр. Келесі отырыс ертең өтеді.

Read More

Сурет: Apnews Ресейде ұлттық мессенджер құру бастамасы заңмен бекітіліп, президент Владимир Путин қол қойған. Бұл қадам шетелдік мессенджерлерді, соның ішінде WhatsApp-ты бұғаттау жоспарына жол ашуы мүмкін. Осы мақсатта Max деп аталатын жаңа қосымша іске қосылды. Ол Telegram мен WhatsApp-тың функцияларын біріктірген: арналар, бизнес-аккаунттар қарастырылған. Алайда сарапшылар Max мессенджерін бұрынғы «ТамТам»-ның жаңартылған нұсқасы деп бағалап отыр. Олар қосымшада қауіпсіздік мәселесі шешілмегенін, сапасы VK өнімдеріне тән деңгейде екенін айтады. Max-ты жасаған «Коммуникациялық платформа» компаниясы VK орналасқан бизнес-орталықта жұмыс істейді. VK-ның өзі «Газпромға» тиесілі. Жоба билікке жақын тұлғалармен тығыз байланысты.

Read More

Ресейде демографиялық құлдырау күшейіп отыр. Осыған байланысты Мәскеу ТМД елдерінде тұратын этникалық орыстарды елге көшіру бағдарламасын қайта жандандыруға мүдделі. Сарапшылардың айтуынша, мигранттардың барлығы Ресейде бірдей қабылданбайды. Сондықтан Кремль 2006 жылдан бері «Отандастарды қоныс аударту» бағдарламасын қолданып келеді. Алайда бұл бағдарламаға қызығушылық азайып барады. 2019 жылы Ресейге 108 мың адам қоныс аударса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 31,7 мың адамға дейін төмендеген. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 3 млн-ға жуық этникалық орыс тұрады. Ресей билігі олардың бір бөлігін өз еліне тарту арқылы демографияны қалпына келтіруді көздейді.

Read More

Алматыда үстел теннисінен халықаралық «WTT Youth Contender Almaty 2025» турнирі өтпек: Қазақстан намысын кім қорғайды,-деп хабарлайды Ұшқын тілшісі. Шілденің 23-26 аралығында Алматыда үстел теннисінен халықаралық жарыс өтеді. «WTT Youth Contender Almaty 2025» деп аталатын додаға Халықаралық үстел теннисі федерациясының рейтингінде көш бастап тұрған үздік жас теннисшілер қатысады. Жарыстың нәтижелері спортшылардың рейтингіне әсер етіп, спорттық мансабын ілгерілетуге септігін тигізеді. Дода World Table Tennis (WTT) ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген халықаралық жасөспірімдер турнирі саналады және Алматыда дәл осы ұйымның мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр. Турнирде дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген 235 спортшы жүлделі орындарды өзара таласқа салады. Оның ішінде Қазақстаннан халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүрген 86…

Read More

Сурет: Ашық дереккөз Жайдарман арқылы танылып, кейін блогер ретінде танымал болған Мереке Қалбаева Instagram парақшасында ажырасу тақырыбында ашық пікір білдірді. Ол ер адамның табысқа жеткеннен кейінгі мінез-құлқындағы өзгерістерге тоқталып, өз басынан өткен ауыр кезеңдерді сипаттады. — Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу — өте ауыр, өте қиын. Сенген адамыңнан қолдау көрмеу — екі есе соққы. «Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы 25 қатыныңа сенбе» деген мақалмен келіспеймін. Керісінше, әйел ері үшін соңына дейін барады. Барында да, жоқтығында да ерінің жанында болады. Ал кейбір еркектер қолына 1-2 тиын түссе, әйелін менсінбей, тастап кетіп жатады немесе көзіне шөп салады, — деп жазды Қалбаева. Бұл жазба…

Read More

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаева қазіргі таңда Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы мекеме директорының «ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми жауабында айтылды. — Сара Назарбаева бекітілген медициналық стандарттарға сәйкес ем алып жатыр. Алайда оның нақты диагнозы мен денсаулығына қатысты ақпарат дәрігерлік құпия болып есептеледі. Бұл – оның жеке өмірін, емделу барысына сыртқы араласудан қорғауға бағытталған заңды құқықтары, — делінген госпиталь таратқан мәлімдемеде. Еске салайық, мамыр айынан бері Сара Назарбаеваның денсаулығына байланысты түрлі алып-қашпа сөздер тараған. Кейбір әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны жөнінде негізсіз ақпарат жарияланған еді. Бұл қауесетті экс-президенттің баспасөз хатшысы ресми түрде жоққа…

Read More

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов биыл тұрғын үй-коммуналдық қызмет (ТКШ) тарифтерінің өсуі жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – ауыр, бірақ қажетті қадам. Бектеновтың сөзіне қарағанда, инфляцияны тежеу үшін бұған дейін тариф өсімінің қарқыны бәсеңдетілген. Алайда бұл – мүлде өспейді деген сөз емес. Үкімет басшысы бұл мәселе төңірегінде жалған үміт тудырмауға тырысатынын айтты. > – Тарифтердің өсімі жалғасады. Бұл – жанға бататын мәселе. Біз ұзақ уақыт тарифтерді ұстап келдік. Соның салдарынан Екібастұзда апат болды. Егер қыста жылы болсын, жарық пен су үзілмесін десек, тарифтер өсуі керек. Бұл – халыққа жақсы көріну үшін жасыратын нәрсе емес. Жоқ, тарифтер өседі. Осы арқылы ТКШ саласына…

Read More

В Атырауской области впервые запускаются бесплатные курсы STEM HANYM, ориентированные на женщин-педагогов и обладательниц педагогического образования. Проект направлен на развитие современных знаний и навыков, повышение квалификации и открытие новых профессиональных возможностей для женщин региона. Обучение проходит в гибридном формате — онлайн и офлайн. В онлайн-части участницы знакомятся с основами STEM — науки, технологий, инженерии и математики. Офлайн-сессии проводятся в формате хакатонов в следующих населённых пунктах: Курмангазы, Махамбет, Макат, Жылыой и город Атырау. По итогам программы 100 лучших участниц получат статус сертифицированного STEM-тренера, освоят современные методы преподавания и смогут применять их на практике — в том числе при обучении детей в…

Read More

Енді еңбек кітапшасын алып жүру – міндет емес. Бұл туралы 2025 жылғы 12 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ресми түрде мәлімдеді,-деп хабарлайды Ұшқын тілшісі. Министрдің айтуынша, еңбек қатынастарының заманауи сипаты цифрлық форматқа көшіп жатыр. Ендігі жерде еңбек өтілі электронды еңбек шарттары мен тұрақты түрде аударылатын зейнетақы жарналары арқылы есептеледі. Бұл деректер Бірыңғай есеп жүйесінде автоматты түрде тіркеледі. “Еңбек кітапшасы – ескірген құжат. Қазір оның заңды күші жоқ. Қаласаңыз, оны естелік ретінде сақтап қоюыңызға болады, бірақ жұмысқа тұру кезінде талап етілмейді”, – деді Жақыпова. Енді жұмысқа орналасу кезінде қағаз түріндегі еңбек кітапшасын сұрату қажет емес. Жұмыс беруші…

Read More

Шымкент туралы орынсыз пікір айтқан әйелдің үстінен сотқа шағым түсті. Бұл туралы Ertenmedia хабарлады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада Ақмола облысының тұрғыны Шымкент тұрғындарын “оңбаған, өтірікші, суайт, аферист” деп балағаттап, жұрттың ашуын тудырған. Аталған видео Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадүр Нарымбетовтің қабылдауында түсірілген. Депутат ескерту жасағанымен, әйел өз сөзінен қайтпай, “жұрт сөйтіп жүр ғой” деп уәжін жалғастырған. Бейәдеп сөзге қарсы шыққан журналист Ержан Мұқаш пен адвокат Бақыт Өсетов әлгі әйелдің үстінен ресми түрде арыз түсірді. “Бұл әрекет Шымкент халқының ар-намысына тиіп отыр. Қонақжай, кеңпейіл елге мұндай тіл тигізуге болмайды. Біз заң аясында жауапкершілікке тартуды талап етеміз”, – деді Ержан Мұқаш.…

Read More