Автор: Redaktor Ushqyn

Сурет: le_telegramme Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропаның қорғаныс қабілеті мен болашағына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Ол Ресейдің әскери әлеуетін күшейтіп жатқанын айтып, Еуропаның бұл жағдайға бей-жай қарамауы керектігін атап өтті. Макронның айтуынша, Ресей алдағы жылдары қарулы күштерін едәуір ұлғайтуды көздеп отыр. Мәліметтерге сәйкес, 2030 жылға дейін 3 миллионға жуық адам мобилизацияланып, 4 мыңнан астам жаңа танк жасалуы мүмкін. Бұл жағдай Еуропадағы қауіпсіздік жүйесін қайта қарауды талап етеді. Франция басшысы Украинаға әскери көмек көрсетудің жаңа форматтары талқыланып жатқанын айтты. Ол кейбір мемлекеттердің Украина жеріне әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанын да атап өтті. Макрон Францияның қорғаныс саласындағы жетекші рөлін ерекше атап өтті.…

Read More

Сурет: Pixabay.com Қазақстанда көлік жуу орындары енді ауыз суды пайдалана алмайды. Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдап, елдегі су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында талаптарды күшейтті. Енді көлік жуатын орындар тек айналымдағы су жүйесі арқылы ғана жұмыс істей алады. Бұл дегеніміз – пайдаланылған су қайта тазартылып, қайта қолданысқа енгізілуі тиіс.Бұл туралы «Ұшқын» тілшісі хабарлайды. Депутат Павел Казанцевтің айтуынша, ауыз суды пайдаланып, оны кәрізге жіберетін кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Жаңа талапқа бейімделу үшін бизнес өкілдеріне екі жыл уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде көлік жуу орындары өз жүйелерін қайта жабдықтауы керек. Бұл өзгеріс экологияны қорғау және су ресурстарын үнемдеу мақсатында қабылданғанымен, шағын бизнес…

Read More

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің несиелік жүктемесін азайту және қаржылық жағдайын жеңілдету үшін бірнеше маңызды ұсыныс жасады. Ол зейнеткерлердің қарыздарын кешіру, зейнетақыны кіріс ретінде есептемеу, сондай-ақ банкрот деп тану тәртібін жеңілдету мәселелерін көтерді.Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды. Зейнеткерлердің қарызын кешіру және оларды банкрот деп тану процесін жеңілдету; Зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босату және әділет органдарындағы берешек мәселесін реттеу; Екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» арқылы әлеуметтік қорғалған есепшоттар ашу. Егер ұсыныстар қабылданса, зейнеткерлердің қаржылық тұрақтылығы артып, несиелік ауыртпалығы азаяды. Сонымен қатар, зейнетақы төлемдері толықтай әлеуметтік мақсатта пайдаланылып, қарыздық дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Бұл бастамалар зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын арттырып, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз…

Read More

Сурет: pixabay.com Өмір кейде қалың тұманмен жабылған жолдай көрінуі мүмкін. Алдыңды көру қиын, қай бағытқа бару керектігін білмейсің. Бірақ тұман – мәңгілік емес. Уақыт өте келе ол сейіледі, алдыңнан жарық жол ашылады. Суық қыс келгенде ағаштар жапырағын түсіреді, барлығы өлідей көрінеді. Бірақ көктем келгенде олар қайта бүр жарады, гүлдейді, жаңарады. Егер ағаштар қыстан аман шығып, көктемді күте алса, адам да өміріндегі қиын кезеңдерді артта қалдыра алады. Өмір – кітап секілді. Бір тарау ауыр болуы мүмкін, бірақ бұл бүкіл оқиғаның соңы емес. Алдағы беттерде әлі қаншама қызықты, маңызды, бақытты сәттер бар. Егер сен осы жерден тоқтасаң, өзіңнің ең қызықты тарауларыңды оқымай…

Read More

Сарыағашта 19 жастағы мүгедек жігітті қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен әскери қызметкер қамауға алынды.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жан түршігерлік қылмыс орын алды. 19 жастағы, екінші топтағы мүгедек Жасұлан Әбдіманап белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Қылмыскерлер оны елсіз жерге апарып, 14 рет пышақтап өлтірген. Марқұмның денесін екі күннен кейін ауыл шопаны тауып, полицияға хабар берген. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап, күдіктілерді анықтауға кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша,күдіктілердің бірі анасы ауырып жатыр деген желеумен марқұм жігітке несие алдырған. Оқиғаның қоғамды дүр сілкіндірген тағы бір тұсы – күдіктілердің бірі әскери қызметкер екені белгілі болды. Бұл жайт әлеуметтік желілерде…

Read More

АҚШ-тың тарифтік қысымы Қытай өндірушілерін балама шешімдер іздеуге итермелеп отыр. 2024 жылы Таиландтағы Amata индустриалды парктерінде шамамен 90 жаңа зауыт іске қосылды, олардың 75%-ы қытайлық компанияларға тиесілі. Сарапшылар бұл көрсеткіштің алдағы жылдары 400-ден 2000-ға дейін өсуі мүмкін екенін айтады. Қытайлық кәсіпорындар өндірісті Вьетнам, Таиланд және Индонезияға ауыстырып, АҚШ-тың жоғары тарифтерінен құтылуды көздеуде. Бұл елдер инфрақұрылымының дамуы, ірі нарықтары, тұрақты сауда байланыстары және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасындағы рөлі арқылы тартымды болып отыр. Алайда, қытайлық өндірушілер үшін қауіптер әлі де сақталуда. Бұған дейін АҚШ Камбодже, Малайзия, Вьетнам және Таиландта шығарылған кейбір тауарларға қосымша баж салығын енгізген. Сонымен қатар, Вашингтон шетелде…

Read More

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Конгрестегі сөзінде Украинадағы жағдайға тоқталып, Владимир Зеленскийден хат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті Киевтің келіссөздерге дайын екенін жеткізген. Трамп Украинадағы қақтығыстың ауыр салдарын атап өтті. Оның сөзінше, миллиондаған украиналық пен ресейлік бұл соғыстың құрбаны болған. Сондай-ақ АҚШ Украина қорғанысына жүздеген миллиард доллар бөлгенімен, Еуропа елдері Ресейдің энергия ресурстарына қаражат жұмсауды жалғастырып жатқанын сынға алды. Трамптың айтуынша, Украина басшысы өз хатында Киевтің бейбіт келіссөздерге дайын екенін атап өткен. Сонымен қатар, Зеленский АҚШ-тың көмегі үшін алғыс айтып, сирек кездесетін минералдар бойынша келісімге қол қоюға әзір екенін білдірген. Трамп Ресей тарапы да бейбітшілік орнатуға ниетті екенін жеткізді.…

Read More

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) экс-президенті Әділет Барменқұлов пен бірқатар бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) ресми түрде растады.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, ҚФФ-ның бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта нақты қандай айыптар тағылғаны немесе қандай істер қаралып жатқаны туралы ресми ақпарат жоқ. Футбол саласындағы мәселе Қазақстан футболының даму деңгейі мен қаржылық ашықтығы бұған дейін де сынға алынған еді. Федерация басшылығындағы өзгерістер мен осы тексерулер ел футболының болашағына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Read More

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Кэйр Стармерге алғыс білдірді. Ол Лондонның Украинаға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Бұл туралы Ushqyn.kz хабарлайды. Зеленскийдің мәлімдемесі Президент Зеленский Ұлыбританияның Украинаға көрсеткен қолдауы туралы ерекше тоқталып, Лондонның стратегиялық серіктес ретіндегі рөлін жоғары бағалады: «Позициямызды жүйелеп, кепілді бейбітшілік пен мынау соғысқа жылдамырақ нүкте қою үшін қолдан келгеннің барлығын жасаудамыз! Бейбітшілік бәрімізге керек! Әділетті бейбітшілік, кепілді бейбітшілік керек! АҚШ-тың және Еуропаның көшбасшылығымен бұл әбден мүмкін нәрсе! Қиын-қыстау кезеңде ақыл беріп, қолдау білдіргеніңіз үшін рахмет, премьер-министр Стармер! Біз Британ халқының Украина үшін жасаған…

Read More

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында адам шошырлық оқиға орын алды. 19 жастағы, екінші топтағы мүгедек Жасұлан Әбдіманап белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Қылмыскерлер оны елсіз жерге апарып, 14 рет пышақтап өлтірген.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Марқұмның денесі екі күн өткен соң, 22 ақпанда, ауыл шопанының көзіне түсіп, полицияға хабар берілген. Құқық қорғау органдары дереу тергеу жұмыстарын бастап, күдіктілерді анықтауға кірісті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұм күдіктілердің бірінің қысымымен 280 мың теңге көлемінде несие алуға мәжбүр болған. Оқиғаның тағы бір шошыртарлық тұсы – күдіктілердің бірі әскери қызметкер екені белгілі болды. Бұл жайт қоғамда үлкен резонанс тудырып, әділ тергеу жүргізуді талап еткен азаматтардың…

Read More