Автор: Redaktor Ushqyn

Келес ауданында жасөспірім қыздың жүкті болып қалғаны анықталды. Оқиғаға байланысты 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Қыздың анасы қызының дене өзгерісін байқап, дәрігерге қаратуға апарған. Тексеру барысында жүктілік расталып, содан кейін оқушы анасына болған жайтты баяндаған. Оның айтуынша, күдікті оның үйде жалғыз қалған сәтін пайдаланып, қорқытып, өз дегенін жасаған. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің көршісінің үйіне жиі келіп жүргені, сондай-ақ оның екі баласы бар екені және қара жұмыспен айналысқаны белгілі болды. Қазіргі таңда полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қатаң жаза қарастырылған. Бұл оқиға –…

Read More

Беларусь президенті Александр Лукашенко америкалық блогер Марио Науфалға берген сұхбатында Украина басшысы Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасы жайлы айтты. Оның сөзінше, екі ел басшыларының арасында достық байланыс болған, ал Зеленский саясаттағы алғашқы қадамдарын жасағанда жиі кеңес сұраған.Бұл туралы «Ұшқын» порталы хабарлайды. «Мен оны ақылды, бірақ тәжірибесі аз саясаткер ретінде көрдім. Біз Украинада кездесіп, келіссөздер жүргіздік. Өзіме жақын қабылдап, оған әкелік көзқараспен қарадым. Алайда, кейін ол ұлттық радикалдардың ықпалына түсіп, үлкен қателік жасады», – деді Лукашенко. Сұхбат барысында Марио Науфал Зеленскийдің қазіргі қиын жағдайына назар аударып, оның сыртқы күштердің қолындағы фигураға айналғанын атап өтті. Лукашенко да бұл пікірмен келісетінін білдіріп, Украина президентіне жанашырлық…

Read More

Трамп Ресейге қатаң банктік санкциялар салу мүмкіндігін қарастырып жатыр,деп хабарлайды Ushqyn.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қатаң банктік санкциялар мен тарифтер енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады. Президенттің айтуынша, Украинадағы қақтығыс шиеленісіп барады, сондықтан жағдайды бейбіт түрде реттеу қажет. Ол Мәскеу мен Киевті келіссөз үстеліне отыруға шақырып, егер тараптар мәмілеге келмесе, қатаң экономикалық шаралар қолданылатынын ескертті. «Ресей мен Украина тез арада бейбіт шешім табуы керек. Әйтпесе, салдары ауыр болуы мүмкін», – деп жазды Трамп. Бұл мәлімдеме халықаралық аренада үлкен резонанс тудырды. Сарапшылардың пікірінше, егер АҚШ шынымен де жаңа санкциялар енгізсе,…

Read More

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 15 қаңтардан бері тергеу изоляторында отырған еді. Алайда, Сеул соты оны қамауға алу туралы шешімді заңсыз деп танып, экс-президентті босату туралы үкім шығарды.Бұл туралы «Ұшқын» хабарлайды. Юн Сок Ёль не үшін қамауға алынған еді? 2024 жылдың соңында Юн Сок Ёль елде әскери режим енгізілгенін жариялады. Бұл шешім елдегі оппозиция тарапынан мемлекетке опасыздық деп бағаланып, оған бүлік жасауға әрекеттенді деген айып тағылды. Осы оқиғадан кейін бұрынғы президентке импичмент жарияланып, оған қарсы тергеу басталды. Соттың шешімі қандай болды? Сеул қаласының аудандық соты Юн Сок Ёльді тұтқындау негізсіз деп тауып, оны бостандыққа шығару туралы үкім қабылдады.…

Read More

Мектеп асханаларынa фасуд пен кофеге тыйым салынды,деп хабарлайды Ushqyn.kz тілшісі. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептер мен медициналық мекемелерде тамақтанудың жаңа стандарттары енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жаңа ережелер бойынша, оқу орындарында фастфуд, саңырауқұлақтар және кофе сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, балаларға арналған тағамдардың сапасы мен құрамы қатаң бақылауға алынады. Мектептерде тамақтану оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімделетін болады. Бұрынғыдай бір реттік ас мәзірі емес, енді балалар күніне алты ретке дейін тамақтану мүмкіндігіне ие. Бұл олардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырып, денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Жаңа стандарттар бойынша: Мектеп асханаларында ГМО және сапасыз өнімдерді қолдануға тыйым салынады. Тамақтану рационының кемінде 75%-ын өсімдік тектес өнімдер құрайды. Тұз бен…

Read More

Алматы халықаралық әуежайында орын алған төтенше жағдай қоғам назарын аударды. Белгісіз ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен шабуыл жасап, бірақ сол сәтте оны тоқтатуға ұмтылған ер азаматтың арқасында жағдай бақылауға алынды.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Оқиға Алматы әуежайының жолаушылар терминалында болған. Күдікті қызметкерге пышақпен шабуыл жасаған, алайда дәл сол кезде 52 жастағы ер адам тез арада әрекет етіп, шабуылдаушының қолындағы қаруын тартып алып, оны залалсыздандырды. Осыдан кейін құқық қорғау органдары күдіктіні тұтқындады. Бұл оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуін жолдады. Мемлекет басшысы ерлік танытқан азаматтың батылдығын жоғары бағалап, оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл туралы мәлімдеме…

Read More

Сурет: Ашық дереккөз ҰҚШҰ (ОДКБ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымына берген сұхбатында Еуропа әскері Украинаға енген жағдайда, ұйымға мүше елдер Ресейге көмек көрсетуге дайын екенін меңзеді. «Мұндай қауіп туындаған жағдайда, ОДКБ ұйым жарғылық құжаттарына сәйкес әрекет етеді. Барлық мүше мемлекеттер мақұлдаған көмектің түрлі нұсқалары қарастырылады», – деді ол. Алайда кейінірек ОДКБ-ның ресми өкілі Наталья Харитонова бұл мәлімдемеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, Батыс күштерінің Украинаға кіруі аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтырып, жаңа қауіп-қатер тудыруы мүмкін. «ОДКБ көмек сұраған мемлекетке қолдау көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсына алады. Бірақ мұндай көмек тек мүше елдің ресми сұранысы мен ұйым ішіндегі ұжымдық шешімге байланысты жүзеге…

Read More

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылуының себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл өзгеріс партияішілік жаңару үдерісімен байланысты.Бұл туралы Ұшқын хабарлайды. Жигули Дайрабаев бұл шешімнің мәжілісте көтерген депутаттық сауалымен еш байланысы жоқ екенін атап өтті. «Қазір партияға жаңа толқын, жас буын келіп жатыр. Бұл – партияның даму жолындағы қалыпты процесс. Менің депутаттық қызметім мен бұл шешімнің арасында ешқандай байланыс жоқ,» – деп қысқа қайырды ол. Айта кетейік,28 ақпанда «Ауыл» партиясының саяси кеңесі Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары қызметінен босату туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл өзгерістер партияның ішкі құрылымдық реформаларымен түсіндірілді. Жигули Дайрабаев – Қазақстандағы аграрлық саланың танымал маманы,…

Read More

Алматы қаласында әділет полковнигі Бекзат Балтабайұлы пара алды деген күдікпен қолға түсті. Ол қазір құқық қорғау органдарының қызметкері болмаса да, өзінің бұрынғы жұмыс орны – қызметтік кабинетінде ұсталған. Бұл туралы құзырлы органдар мәлімдеді,-деп жазады Ushqyn.kz тілшісі. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде оның кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұл оқиға қоғамда түрлі пікір туғызды. Кейбір сарапшылар қылмыстық-атқару жүйесіндегі жемқорлықтың әлі де шешілмегенін айтады. Ал ресми органдар тергеу аяқталғанға дейін нақты қорытынды жасауға ерте екенін ескертеді. Бекзат Балтабайұлының ісі әділетті түрде қаралып, заң шеңберінде шешіледі деп күтілуде. Бұл оқиғаға байланысты қосымша ақпараттар кейінірек жазатын боламыз

Read More

Қазіргі қоғамда «көше көрген бала» деген ұғым жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Бұл термин көбіне өмірдің қиындығын ерте көрген, өзін «нағыз өмірдің» ережелерімен шыңдалған адам ретінде көрсететін жастарға қатысты қолданылады. Бірақ, бұл түсінік шын мәнінде кімге пайдалы? Жастарды тәрбиелеуде «көше» мәдениетінің ықпалы қаншалықты зиянды? «Көше» идеологиясының түп-тамыры қайда жатыр? «Көше» түсінігі кеңестік кезеңнен бері келе жатқан құбылыс. Кеңес үкіметі кезінде балалар үйінде тәрбиеленген жетімдер, қоғамнан шеттетілгендер өз ережелерін қалыптастырып, бейресми субмәдениет құрды. Бұл кейінірек криминалды ортаға айналып, 90-жылдардағы қиын-қыстау кезеңде «көше заңы» ретінде жастар арасында белең алды. Қазіргі таңда бұл мәдениет кейбір жасөспірімдер үшін өзін-өзі дәлелдеудің бір жолына айналып отыр. «Көше…

Read More