Сурет: agugai.kz Түркістан облысында қоғам назарын жиі өзіне аударып жүрген белгілі блогер Мұрат Әбділда қайта қамауға алынды. Бұл жолы оған қатысты Түркістан қалалық ауданаралық соты шартты түрде босатудың күшін жойып, қалған жаза мерзімін нақты өтеу туралы үкім шығарды. Мұрат Әбділда 2022 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша (әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру) кінәлі деп танылып, сот шешімімен бас бостандығынан айырылған болатын. Уақыт өте келе ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Алайда, арада көп өтпей Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің шартты жаза талаптарын бұзғанын алға тартып, жазаның қалған бөлігін нақты өтеу туралы ұсыныс енгізді. Сот полиция ұсынымын қанағаттандырып,…
Автор: Redaktor Ushqyn
Фотоколлаж: Ushqyn.kz Берденовке жасалған оқ атумен аяқталған атыс оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бірақ қалалық билік әлі күнге дейін ашық әрі нақты жауап беруге асығар емес. Шымкент әкімінің үнсіздігі неге созылып кетті? Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдегендей, оқиға сәтінде әкім мен оның орынбасарлары қызмет орнында болған. Атыс дыбысынан кейін шенеуніктер сыртқа жүгіріп шыққан, ал Берденов жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған. Ресми мәліметке сенсек, қала басшысы мен оның орынбасарлары түнгі сағат 2-ге дейін аурухана жанында жүрген. Алайда бұл шын жанашырлық па, әлде көпшілік алдындағы «рөл ойыны» ма — белгісіз. Құранбек оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартып,…
Сурет: almatytv Католик шіркеуін 12 жыл бойы басқарған Папа Франциск 2025 жылдың 21 сәуірінде, Пасха дүйсенбісінде, Ватикандағы резиденциясында қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, понтификтің өліміне инсульт пен жүрек-қан айналымының тоқтауы себеп болған. Франциск – тарихта Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа. Ол иезуит орденінен шығып, Еуропадан тыс сайланған тұңғыш понтифик ретінде де есімізде қалды. 2013 жылы Папа болып сайланған Франциск өзінің қызметінде кедейлердің мәселесіне ерекше назар аударды, әлеуметтік әділеттілік пен климаттық өзгерістерге қарсы үндеу тастап, католик шіркеуі ішінде бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Понтификтің денесі 23 сәуірден бастап Әулие Петр базиликасында қойылып, жұртшылық қоштасу рәсіміне қатыса алады. Ал жерлеу рәсімі 26 сәуірде…
Сурет: gov.kz Ақтөбе облысында ауыл әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақпен түскен фотосы әлеуметтік желіде дау туғызды. Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов ауылдық округінің басшысы дала гүлін ұстап түскен суретін желіге жариялаған. Тұрғындар бұл әрекетті мемлекеттік қорықтағы өсімдікті жұлумен тең деп қабылдап, билік өкіліне заң алдында жауап беруін талап етті. Қызғалдақтар – сирек кездесетін және қорғалатын өсімдіктер тізіміне кіреді. Ал әкім өз әрекетін түсіндіріп, гүлді қызы сыйлағанын, әрі демалып жүрген аумақта тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағанын айтты. Облыстық Полиция департаменті әкімнің гүлді өзі жұлып алғанын нақтылайтын айғақтың жоқ екенін хабарлады. Қазір Мұғалжар аудандық полициясы бұл жайтқа байланысты тексеру жүргізіп жатыр.
Сурет: ашық дереккөзден Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды,4 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды,- деп хабарлайды Ushqyn.kz тілшісі. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовқа жасалған күрделі операция сәтті аяқталды. Хирургиялық араласу төрт сағатқа созылып, нәтижесінде оның жағдайы тұрақтандырылды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Берденов есін жиып, өміріне төніп тұрған қауіп сейілген. Медицина қызметкерлері оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп сипаттап отыр. Ота барысында қан кету тоқтатылып, оқ жарақатынан келген күрделі зақымдар қалпына келтірілген. Оқ оң жақ кеуде тұсына тиіп, өкпеге, қабырға аралық артерияларға және диафрагмаға зақым келтірген. Бұған қоса, ішкі ағзалар да жарақат алған. Қазіргі таңда Руслан Берденов барлық қажетті…
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін шенеунікке шұғыл түрде ота жасалып жатыр. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында хабарлады. «Достар, әріптестер. Руслан Берденов тірі, ота жасалып жатыр. Оған үш рет оқ атылған. Екі оқ ішке енгенімен, өмірлік маңызды ағзаларына зақым келмеген», – деп жазды Әлібеков. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталып кеткен. Айта кетейік, Руслан Берденов биыл ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оның кандидатурасы Мемлекет басшысының Әкімшілігі тарапынан мақұлданған. Бұған дейін Берденов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта оның жағдайына қатысты нақты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.Бұл туралы Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, шенеунікке оқ атқан күдікті қолға түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Шымкент қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолданды. Құқық қорғау органдары тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша мәліметтер ресми ақпарат түскеннен кейін жарияланады.
Цифрлық технология саласында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Huawei мен China Unicom компаниялары Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Сионьань қаласында әлемдегі алғашқы 10G кең жолақты интернет желісін іске қосты. Тестілеу нәтижелері бойынша, интернеттің нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, ал жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с болған. Бұл — цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы жаңа дәуірдің бастауы деуге болады. Жаңа буындағы бұл технология тұрмыстық қолданушылардан бөлек, ірі өндіріс ошақтары мен жоғары технологиялық мекемелер үшін де аса тиімді болмақ. Сарапшылардың пікірінше, 10G желісі жасанды интеллект, «ақылды» қалалар мен кең көлемді деректермен жұмыс істейтін салаларға тың серпін береді.
Сурет: scat airlines Ақтау халықаралық әуежайында ел есеңгіретер оқиға орын алды. Астанадан ұшып келген SCAT әуе компаниясының жолаушысы бортсерікке қол көтерген. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай 2025 жылдың 20 сәуір күні түнгі сағат 00:05 шамасында тіркелген. Куәгер Кариманың сөзінше, ұшақ жерге қонысымен жолаушылар қозғала бастаған сәтте, ер адамдардың бірі салонында ұялы телефонын ұмытқанын байқап, ұшаққа қайта кіруге тырысқан. Бірақ әуе компаниясының қызметкері оған салон әлі босамағанын айтып, сәл күтуін өтінеді. Алайда ашуға булыққан ер адам бұл ескертуді елемей, салонға кіруге ұмтылып, бортсерікті бетінен ұрып жіберген. «Ол кісі ұшу кезінде ешқандай оғаштық танытпаған еді. Жанжал күтпеген жерден басталып кетті. Бортсерік — ер…
Сурет:pixabay.com Әр адам өзін ерекше сезінуі тиіс. Әрбір адамның өмірі – бұл тек өзін табу, өз шекараларын ашу және ішкі әлемімен үндесу жолы. Біз жиі өзімізді басқалармен салыстырып, сыртқы келбетімізді немесе қоғамның бізге қойған талаптарын орындауды қалаймыз. Бірақ шын мәнінде, біз бірегей болмысымыз, бізде өзгелерде жоқ қасиеттер мен мүмкіндіктер бар. Сен – бұл әлемдегі бірегей тұлғасың. Өзіңді осылай қабылдаған сәтте ғана өзіңе деген сенім артатын боласың. Әр адамның әлемде өзіндік орны бар, ешбір адам бір-біріне ұқсамайды. Сенің тұлғаң, сенің мінезің, сенің көзқарастарың мен сенің арман-мақсаттарың — бәрі бірегей. Тек өзің ғана өз жолыңды таңдай аласың, тек өзің ғана өзіңнің өміріңді…