Автор: Redaktor Ushqyn

Тараз қаласында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шықты. Жамбыл облыстық экология департаментінің басшысы Т. Смағұлов пен «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің өкілдері – бас директордың орынбасары Б. Полатбеков және эколог М. Асан қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот мәліметінше, Смағұлов кәсіпорын тарапынан пара алған. Ал зауыт қызметкерлері экологиялық заңбұзушылықтарды жасыруға, тексеру кезінде жағдайды «жөнге салуға» көмектескені үшін пара бергені анықталған. Айыпталушылардың барлығына жалпы сомасы 24 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Read More

Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ ұлына қатысты даудан кейін отставкаға кетті. Бұл шешім ел ішінде толқуларға ұласқан қоғамдық қысымнан кейін қабылданды.Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды Даудың басталуына премьердің 23 жастағы ұлының әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттері мен қалыңдығына миллиондаған тұратын сыйлық жасағаны себеп болды. Бұл жайт халық арасында «мұндай байлыққа қалай қол жеткізді?» деген күдік пен ашу тудырды. Қоғам премьердің отбасының табыс көздері мен мүлкі туралы ашық ақпарат талап етті. Осыдан кейін Ұланбатырда жемқорлыққа қарсы наразылық акциялары күшейіп, шерушілер әділеттілік пен саяси тазалықты талап етті. Deutsche Welle дерегінше, акциялар барысында «таза саясат» пен «әділ үкімет» ұрандары көтерілді. Қоғамдық қысым Моңғолия Парламентінің премьерге…

Read More

Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Ushqyn.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды тағайындалды. Ерболат Досаев мегаполисті 2022 жылдың ақпанынан бері басқарды. Оның әкімдік кезеңі Алматының инфрақұрылымдық дамуы мен урбанистика саласындағы жобалармен ерекшеленді. Жаңа әкім Дархан Сатыбалды — тәжірибелі басқарушы кадр. Ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі болған. Түркістанды басқару кезеңінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды. Дархан Сатыбалдының Алматыны басқаруындағы басты міндеттерінің бірі – халықтың өмір сапасын арттыру…

Read More

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше, жасанды интеллекттің жедел дамуы нәтижесінде 838 миллионға жуық жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін. Бұл — әлем бойынша еңбекке жарамды халықтың шамамен төрттен бір бөлігіне тең көрсеткіш. Зерттеу авторларының айтуынша, ЖИ көптеген салаларда адамның атқаратын функцияларын ішінара немесе толықтай алмастыра алады. Бұл әсіресе Еуропа мен Орталық Азия елдерінде еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Сарапшылар кейбір салаларда жасанды интеллект жұмысшыны толығымен алмастырмаса да, бірқатар міндеттерді автоматтандырып, жұмыс күшіне деген сұранысты едәуір азайтатынын алға тартып отыр.

Read More

Шымкенттік тәуелсіз журналист Мөлдір Нұрман қаладағы ауыз су жүйесіне қатысты зерттеу жариялағаннан кейін билік тарапынан қысым көріп жатқанын мәлімдеді. Бұны Ushqyn.kz тілшісі хабарлайды. Журналист видеоүндеуінде коммуналдық саладағы 40 млрд теңгеге жуық қаражаттың тиімділігіне күмән келтіріп, осы бағытта зерттеу жүргізгенін айтады. Аталған материалда ауыз су жүйесін жеке компаниядан коммуналдық меншікке қайтару процесінің ашықтығы сынға алынған. Мөлдір Нұрманның айтуынша, бұған дейін қозғалған қылмыстық іс жабылғанымен, полиция қайтадан іс қозғап, «филологиялық сараптама нәтижесінде мәселе табылды» деп, кешірім сұрауды талап еткен. — Халықтың ақшасына жұмыс істейтін мекемелерді сынағаным үшін қысым көріп отырмын. Жол сапасы сын көтермейді, жуырда 6 жасар бала шұңқырға түсіп қаза тапты.…

Read More

Алматыда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы маңында түсірілім жүргізіп жүрген Orda.kz тілшілері полицияға ұсталды. Редакция мәліметінше, олар бұрынғы бірінші ханым Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайына қатысты дерек жинауға барған. Журналистер құқық қорғау органдарына жеткізілгеннен кейін, полиция түсірілген материалдарды жоюды талап еткен. Бірнеше сағат өткен соң тілшілер босатылған. Оқиға кезінде Алматыдағы Дулати көшесі мен Тұңғыш Президент саябағының маңында қозғалыс шектеліп, қауіпсіздік шаралары күшейген. Қала тұрғындары Сайна даңғылы да жабылғанын әлеуметтік желіде жазуда. Бұған дейін, 14 сәуір күні қала орталығында самокаттар істемей қалған еді. Бұл құбылыс Тоқаевтың Алматыға сапары кезінде де тіркелген. Еске салайық, бұған дейін Сара Назарбаеваның ауыр хәлде ауруханада жатқаны туралы бейресми…

Read More

Түркістан облысының Арыс қаласында жеке кәсіпорында бас есепші болып жұмыс істеген әйел бірнеше жыл бұрын қызметінен өз еркімен кеткенімен, арада уақыт өткен соң бұрынғы жұмыс берушіні сотқа беріп, ірі көлемде қаражат өндіріп алды. Әйел 2021 жылы жергілікті серіктестіктердің біріне жұмысқа орналасып, бас есепші қызметін атқарған. Алайда, арада уақыт өте келе еңбек ақы мен заңды төлемдер уақытылы берілмегенін айтып, 2023 жылы жұмыстан шыққан. Қызметінен кеткеннен кейін ол еңбек заңнамасына сәйкес тиесілі қаражаттарды өндіру үшін сотқа жүгінеді. Сотқа жолданған талап арызда: 5,4 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы, 3,6 миллион теңге экологиялық өтемақы, 47 күндік пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін 1,8 миллион теңге, сондай-ақ…

Read More

Қазақстанда Мәжіліс депутаттары өз тегін ұлттық үлгіге сәйкестендіріп, -ов, -ев жалғауларынан бас тарту үрдісін бастады. Бұл бастама қоғамда кең талқыланып, қолдау табуда. Алғаш болып жұрт назарына түскен – ақын әрі депутат Ринат Заитов. Ол өзінің тегін «Заит» деп өзгертіп, ұлттық сана мен тілге деген құрметін көрсетті. Осы бастаманы енді тағы бір халық қалаулысы – Мақсат Толықбаев жалғастырып, тегін «Толықбай» деп өзгертті. Қоғам белсенділері мен сарапшылар бұл қадамды оң қабылдады. Мәселен, саясаттанушы Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында әріптестерін құттықтап, бұл үрдісті қолдайтынын білдірді. «Өткен айда әріптесім Ринат Заитов фамилиясын өзгертіп “Заит” болып еді, енді бүгін Мақсат Толықбаев әріптесім “Толықбай” болды. Құтты…

Read More

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қоғамда тараған Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы ол өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ushqyn.kz. «БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға байланысты келесіні хабарлаймын. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген мәлімдемеде. Айта кетейік, бұған дейін бірнеше ақпарат құралдары Сара Назарбаева көз жұмды деген мәлімет таратқан болатын. Алайда әзірге бұл деректер ресми органдар тарапынан расталмады. Сара Алпысқызы Назарбаева – қайырымдылық пен балаларға арналған әлеуметтік жобаларға бастамашы…

Read More

Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда қолға түсті. Бұл туралы Ushqyn.kz  Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдемесіне сүйеніп хабарлайды. Ведомство мәліметінше, Арданды Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстаған. Оның нақты орналасқан жері биыл анықталған. Бұған дейін, 2019 жылы Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне оны экстрадициялау жөнінде ресми сұрау жолдаған болатын. Түркия тарапы осыған сәйкес іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде Ардан қолға түсті. Анталья соты 2025 жылғы 9 мамырда оны Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта Талғат Ардан қамауда отыр. Қазақстанның құзырлы органдары оны елге қайтару үшін қажетті құқықтық рәсімдерді бастап кетті. Айта кетейік, Астана қаласының соты…

Read More