Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің қаулысымен белгілі болды. Шешім оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданған. Асхат Оразбек бұл лауазымды 2019 жылдың сәуір айынан бері атқарып келді. Вице-министрлікке дейін ол білім және технология салаларында түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, Қазақстандағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, электрондық үкімет пен IT-жобаларды үйлестіру бағытында еңбек еткен. Оның вице-министр ретіндегі қызметі кезінде цифрлық инфрақұрылымды кеңейту, мемлекеттік қызметтердің онлайн платформаларын дамыту, IT-мамандар даярлау және отандық цифрлық өнімдерді қолдау мәселелері күн тәртібінде болды. Қазіргі уақытта Асхат Оразбектің орнына кім…
Автор: Redaktor Ushqyn
Шымкент қаласында еріктілер тыл еңбеккері болып табылатын қарт әйелдің лас әрі адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтады. Instagram желісінде жарияланған видеода қарт адамның нәжіс пен тарақандар басқан антисанитарлық үйде тұрып жатқаны көрсетілген. Еріктілердің айтуынша, әжейдің зейнетақысын туысы алып отырғанымен, оған күтім жасамайды және қарттар үйіне орналастыруға қарсы болған. Сонымен қатар Жеңіс күніне орай берілген марапат пен ақшалай көмекті де туысы алған болуы мүмкін деген дерек айтылды. «Егер әпкесі күтім жасамаса, бірақ зейнетақыны алса, бұл қалай аталады?» — деп жазды еріктілер, жергілікті билікті бұл жағдайға назар аударуға шақырып. Әлеуметтік желіде бұл жағдай қоғам наразылығын тудырып, қолданушылар қарт адамға лайықты өмір…
Ресей президенті Владимир Путин түн ортасында мәлімдеме жасап, Украинамен тікелей келіссөздерге дайын екенін жария етті. Ол бұл кездесуді 15 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздер алдын ала шарттарсыз өтеді және басты мақсат – қақтығыстың түпкі себептерін анықтап, бейбіт келісімге келу. «Келіссөздер барысында атысты біржола тоқтату туралы бітімге де қол жеткізуіміз мүмкін», – деді Ресей президенті. Путин жақын күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөзді ұйымдастыру мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
Ақмола облысында бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған 6 жасар Қалмырза Жандәулеттің мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді. Оқиға 30 сәуір күні кешке болған. Сағат 19:00 шамасында үйден шыққан бала сол күйі оралмаған. Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізіліп, оған полиция, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Жандәулет жоғалған күні Нұра өзенінің маңында жүргені белгілі болған. Қазіргі уақытта нақты өлім себебін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
10 мамыр күні сағат 20:35 шамасында Алматыда жер сілкінісі орын алды. Зілзаланың магнитудасы 4,3 баллды құрады. Жерасты дүмпулері алматылықтарға шамамен 2 балл деңгейінде сезілді. Кейбір тұрғындар дүмпуді байқамағандарын айтқан. Android жүйесінің жер сілкінісі туралы ескерту қызметі сілкініс ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық аумағында орналасқанын хабарлады.
Қазақтың байырғы емшілік дәстүрінде сирек кездесетін ерекше әдіс – ілгірдің көмегі. Бұл атау тамағына зат тұрып қалған сәбиге шапшаң әрі дәл әрекет жасап, бөгде денені алып шығатын адамдарға қатысты қолданылады. Медициналық жолмен анықтау немесе емдеу мүмкін болмай жатқан жағдайда, ілгірлердің шеберлігі кейде шешуші рөл атқарады. Әдетте жас баланың тамағына жеміс-жидек қабығы, қағаз, пластик немесе өзге де ұсақ заттар түсіп кетіп, жұтқыншақты бітеп қояды. Мұндайда бала себепсізден-себепсіз құсады, іші өтеді, тамақ ішуден бас тартады. Ата-аналар көп жағдайда бұл белгілерді улану, вирустық инфекция немесе басқа аурумен шатастырып, нәтижесіз емге жүгінеді. Ал халық емінің білгірлері – ілгірлер мұндай жағдайдың тамырына тез жетіп, баланың…
Сурет: ҚР Жоғарғы сотынан Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында күдіктілердің адвокаттары істі жүргізіп жатқан прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды сұрады. Олардың айтуынша, прокурор сотта дауыс көтеріп, қысым көрсеткен және кейбір фактілерді бұрмалаған. Адвокаттардың шағымын қараған судья кеңесу бөлмесіне кетіп, шешім шығарды. Нәтижесінде өтініш қабылданбады – Дана Сәрсенбай соттағы жұмысын жалғастыра береді.
Сурет: ашық дереккөз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Сара Алпысқызының жағдайы нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап Ushqyn.kz хабарлайды. БАҚ мәліметінше, отбасыға жақын дереккөз Сара Назарбаеваның жағдайы ауыр екенін және дәрігерлердің оның өмірін сақтап қалуға қауқарсыз екенін айтылған.
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда қызу талқыға түскен мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты пікір білдірді. «Кешеден бері әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты түрлі пікірлер айтылып, қызу талқыға айналғанын байқап отырмыз. Әркімнің ой бөлісуі, көзқарасын ашық білдіруі — құптарлық жағдай. Дегенмен, «билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме, даурықпа сөз. Аттанға салып, айғайға басып, жоқ жерден дау шығаратындай еш негіз жоқ. Мемлекеттің тілге қатысты ұстанымы өзгермеді. Қазақ тілін еліміздегі этносаралық қатынас тіліне айналдыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді», — деп жазды Ерлан Қарин. Мемлекеттік кеңесші Ассамблея сессиясында Мемлекет басшысының осы ұстанымды тағы бір мәрте…
Сурет: Ашық дереккөз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген Астанадағы тұрғын үй ресми түрде қала әкімдігінің балансына беріледі. Бұл туралы әкімдік өкілдері хабарлады. Жоспар бойынша, нысан “әлеуметтік қажеттіліктер үшін” пайдаланылмақ. Яғни, үйді әлеуметтік салаға қатысты мақсаттарға – мемлекеттік мекемелерді орналастыруға немесе халыққа қызмет көрсету бағытында қолдану көзделуде. Айта кетейік, аталған тұрғын үй 2025 жылдың ақпанында сатуға қойылған еді. Ол кезде үйдің құны 1,8 миллиард теңге деп бағаланып, сауда-саттыққа шығарылған болатын. Алайда кейіннен стратегиялық маңызы ескеріліп, оны мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім қабылданды. Бұған дейін де Кәрім Мәсімовтың түрлі мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген болатын. Бұл процесс оның қызмет бабын…