Автор: Redaktor Ushqyn

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде Баян Алагөзова туралы айтқан пікіріне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл жазба интернетте кеңінен тараған ескі видеосынан кейін жарияланып отыр. Видеода Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзованы «қоян» деп атаған болатын. Әншінің айтуынша, видео 5-6 жыл бұрынғы сұхбаттан алынған. Ол кезде Баян Алагөзова мемлекеттік қаржыға түсірілген тарихи сериал әзірлеген, алайда ол туынды Ұлттық арнадан прокаттан алынған. Осыған байланысты Түсіпбаева әлеуметтік желіде Алагөзованы сынап, сериал жарамсыз болса, мемлекет ақшасы қайтарылуы керек деген пікір білдірген. > «Тұңғышбай ағамыз түсіре алмаған фильмі үшін мемлекетке қаржыны қайтарды. Сол әділеттілік барлық продюсерге ортақ болуы тиіс», – деп жазды ол. Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, ол…

Read More

Ресей Федерациясының саяси құрылымында кезекті дабыл қағарлық оқиға орын алды – Курск облысының бұрынғы губернаторы, экс-көлік министрі Роман Старовойт өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Бұл трагедия оның қызметінен кеткені туралы жаңалықтан бірнеше сағат кейін белгілі болды. Биліктің жоғары эшелонында болып жатқан бұл сипаттағы өлім оқиғалары – тек жеке драма емес, сонымен қатар саяси жүйенің ішкі күйзелісін білдіретін айқын симптом. Старовойттың өлімі – жеке адамның тағдыры ғана емес, федералдық деңгейдегі шешімдердің салдарынан болатын психологиялық, саяси және этикалық қысымдар көрінісі. Оның отставкасы ресми түрде түсіндірілмеген күйде қалған, ал өлім себебі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары тек «огнестрел жарақатын» келтіреді. Бұл факт –…

Read More

АҚШ-тың Техас штатында орын алған жойқын су тасқыны салдарынан 68 адам көз жұмды. Жергілікті билік таратқан ақпаратқа сәйкес, Керр графтығында қаза тапқандар саны 59 адамға жеткен. Қалған 9 адам көршілес аудандарда мерт болғаны нақтыланды. Су тасқыны кезінде христиан жазғы лагерінде демалып жатқан қыз балалар да із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Соңғы мәлімет бойынша, іздеуде жүрген балалар саны 27-ден 11-ге азайған. Құтқару қызметтері мен еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Апат ауқымын ескеріп, АҚШ президенті Дональд Трамп Техас штатында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда зардап шеккен аймақтарда шұғыл көмек көрсету, эвакуация және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

Илон Маск екіпартиялы жүйеге қарсы тұру үшін «Америка партиясын» жариялады,-деп хабарлайды Ushqyn.kz BBC-ге сілтеп. Әлемдегі ең бай кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен арадағы саяси келіспеушіліктен кейін жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзіне тиесілі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жариялап, «Америка партиясының» құрылғанын ресми түрде хабарлады. Маск өз жазбасында: «Қоғамның басым бөлігі екі негізгі партиядан жалыққан. Халықтың 2-ден 1-і жаңа саяси күш көргісі келеді. Ендеше, сіздерге сол мүмкіндік ұсынылып отыр. Америка партиясы – сіздің еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды», – деп жазды. Жаңа бастамасы арқылы миллиардер елдегі екіпартиялық жүйенің ұзақ жылдар бойы қалыптасқан үстемдігіне қарсы шығуды…

Read More

6 шілде – Қазақстан Республикасының жаңа дәуірін бейнелейтін маңызды күндердің бірі. Бұл күн еліміздің бас қаласы – Астананың туған күні ретінде аталып өтеді. Елорда – тәуелсіз Қазақстанның саяси, рухани және экономикалық орталығы, болашаққа бағытталған жаңа бетбұрыстың символы. Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы қабылданып, 1997 жылы ресми түрде жүзеге асты. Ал 1998 жылы қала атауы Астана болып өзгертілді. Бұл – тарихи шешім еді. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан астана көші – тәуелсіздік тарихындағы маңызды бетбұрыстардың бірі болды. Осы қадам арқылы елдің геосаяси қауіпсіздігі нығайып, жаңа даму бағыты айқындалды. Бүгінгі Астана – ХХІ ғасырдың заманауи мегаполисі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында…

Read More

Елімізде әскерден жалтарғандар үшін жаңа шектеулер енгізілемек.Енді  шетелге шығу, несие алу және мемлекеттік қызметке тұру мүмкін болмайды,-деп хабарлайды Ұшқын тілшісі. Қазақстанда ақылы әскери қызметке сұраныс күрт артты: ата-аналар балаларының міндетті борышын 40 күнде өтеп, «әскерге барды» деген мәртебе алуына мүдделі. Қоғам бұл құбылысқа екіұдай пікір білдіруде — кейбір сарапшылар бұл үрдіске алаңдаушылық танытса, өзгелері оны өмір шындығы деп қабылдайды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскерден жалтарушыларға қатысты қатаң шаралар енгізуді көздеп отыр. Жаңа заң жобасына сәйкес, әскери борыштан себепсіз жалтарғандар: шетелге шыға алмайды, несие рәсімдей алмайды, мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылады. Құжатқа 2025 жылы Мемлекет басшысы қол қоюы тиіс. Бұл бастама…

Read More

2025 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде балық және су жануарларын аулауға қатысты жаңа шектеулер мен жауапкершілік түрлері енгізілді. Енді заңда белгіленген лимиттен асырып аулау – әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін. Экология министрлігінің мәліметінше, бұл шара балық қорын сақтау мақсатында қолға алынған. Бұдан былай артық аулаған балық үшін жеке азаматтардан бастап, ірі кәсіпкерлерге дейін жауапқа тартылады. Бекітілген лимиттен тыс балық аулағаны үшін айыппұл көлемі: Жеке тұлғаларға – 10 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 39 мың теңге); Шағын кәсіп иелеріне – 30 АЕК (117 мың теңге); Орта бизнеске – 50 АЕК (196 мың теңге); Ірі кәсіпорындарға – 100 АЕК (393 мың…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жарлығымен Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның орнына жаңа құрылым пайда болды. Енді бұл саладағы жұмыстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) атқарады. Атап айтқанда, бұрынғы агенттік ҰҚК құрамына кіріп, оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды. Бұл құрылым құқық қорғау бағытын сақтап қалады және нақты тергеу жұмыстарымен айналысады. Ал енді саясат қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу, себептерін азайту, қоғамда адалдық құндылықтарын насихаттау секілді міндеттер Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктеледі. Тоқаевтың жарлығында нақты мерзімдер де көрсетілген: ҰҚК бір ай ішінде жаңа қызметтің ережесін әзірлеп, оны Президентке ұсынуы керек; Мемлекеттік қызмет агенттігі де бір ай ішінде өз ережесіне…

Read More

Сурет: Жасанды интеллект Енді қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқан балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері заң алдында жауап береді. Бұл туралы Қылмыстық кодекстің 131-бабына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес нақты жазылған. Жалпы алғанда, көпшілік алдында ар-намысты қорлау, әсіресе әдепсіз түрде балағаттау — қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін ересек азаматтар 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл (393 200 теңге) немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Ал қоғамдық орында жай ғана бейәдеп сөз айтқандар 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл төлейді немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Қайталап жасалса — 30 тәулікке дейін қамалады.…

Read More

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің үлкен қызы Саида Мирзиёеваны Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ұшқын тілшісі хабарлайды. Аталған лауазым 2023 жылы таратылған еді, алайда енді қайта қалпына келтіріліп отыр. Соңғы екі жылда Саида Мирзиёева мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарып, басқару процестеріне белсенді араласты. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде Өзбекстанды таныстыру миссиясымен шет елдерге сапарлап, бірқатар мемлекет басшыларымен, соның ішінде Қазақстан президентімен кездесулер өткізген. Саяси сарапшылар Саида Мирзиёеваны президенттің ықтимал мұрагері ретінде атай бастаған. Бұл тағайындау Өзбекстандағы билік сабақтастығы туралы жаңа болжамдарды күшейтіп отыр.

Read More